Приказ о проведении внутреннего анализа коррупционных рисков


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 34-тармағына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жаңа үлгілік қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының барлық бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- Жүргізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты ретінде:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және бөлімдердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу;
- бөлімдердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау болып анықталсын.
- Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылсын.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 2025 жылғы 2 мамырынан бастап 2025 жылғы 30 мамырға дейін белгіленсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін құрылған жұмыс тобы анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ақпарат ұсынсын.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық мемлекеттік қызмет көрсету, геоақпараттық мониторинг және әкімшілік-талдау бөлімінің бас маманы Ә.Ж.Халидуллинаға жүктелсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Негіздеме: Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 08-10/2351 хаты негізінде 2025 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс–қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытының жүзеге асыру жоспары.
|
Басқарма басшысы |
Н.Мақсотов |
Батыс Қазақстан облысының
жер қатынастары
басқармасы басшысының
2025 жылғы 23 сәуірдегі
№ 30-н бұйрығына қосымша
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобының персоналдық құрамы
|
Ашикпаев Жуматай Имангалиевич |
Мемлекеттік қызмет көрсету, геоақпараттық мониторинг және әкімшілік-талдау бөлімінің басшысы |
|
|
|
|
Жумагалиев Наримжан Кауышович
Ширшова Анна Владимировна |
Жерге орналастыру және жер кадастры бөлімінің бас маманы
Жерге орналастыру және жер кадастры бөлімі басшысының м.а. |
|
Дюсемалиева Венера Нурлановна |
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру және лицензия шарттарын бақылау бөлімінің басшысы |
|
Халидуллина Алия Жангировна |
Мемлекеттік қызмет көрсету, геоақпараттық мониторинг және әкімшілік-талдау бөлімінің бас маманы |
|
Магзумов Даурен Заирович |
Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының әкімшілік кедергілерді азайту және кәсіпкерлерді құқықтық қорғау бөлімінің бастығы (келісім бойынша) |
02 мая 2025
30 мая 2025
Объявление