2026 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу туралы

           Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 34-тармағына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы  Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жаңа үлгілік қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының барлық бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  2. Жүргізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты ретінде:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және бөлімдердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

          - мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу;

-бөлімдердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау болып анықталсын.

  1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылсын.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 2026 жылғы 2 мамырынан бастап 2026 жылғы 30 мамырға дейін белгіленсін.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін құрылған жұмыс тобы анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ақпарат ұсынсын.
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық мемлекеттік қызмет көрсету, геоақпараттық мониторинг және әкімшілік-талдау бөлімінің бас маманы Ә.Ж.Халидуллинаға жүктелсін.

          7.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

        

Негіздеме: Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 04-002-08/9 хаты негізінде 2026 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс–қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытының жүзеге  асыру жоспары.

 

         

                 Басқарма басшысы

          Н.Мақсотов

Жарияланған күні

27 қазан 2026 11:42

Жаңарту күні

20 сәуір 2026

Түрі