GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Все материалы
15 октября 2026
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы ақпарат.
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
Жарлықтар

Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

2026 жылғы 12 қазан

Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауды тағайындау, оны дайындау мен өткізуді ұйымдастыру жөніндегі шараларды  қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана қаласының, облыстардың, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                             Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 12 қазан

                       № 1521

01 октября 2026
Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар

Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар

1 қазан - Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұл айтулы дата - аға буынның өмірлік тәжірибесі мен атқарған еңбегін ұлықтайтын күн. Бүгінде олардың басым бөлігі - зейнеткерлер. Қарттардың әрқайсысының артында адал еңбек, пен еліміздің қалыптасу кезеңдеріндегі тарихи үлесі жатыр.

Қазіргі таңда республика бойынша 2,4 миллионнан астам азамат зейнетақы төлемдерін алады. Гендерлік құрылымға сүйенсек, зейнеткерлердің 64%-ын әйелдер, ал 36%-ын ер адамдар құрайды. Осылайша, зейнетақы төлемдерін алатындардың жалпы санының үштен екісі әйелдер қауымына тиесілі.

Бұдан бөлек, еліміз бойынша 44 зейнеткер жүз жасты алқымдағандар қатарында. Олардың арасында өмір жолы өнегеге толы азаматтар аз емес. Әйел адамдар ішінде еліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер Шымкент қаласында тұрады. 106 жастағы кейуана бүгінде өнегелі отбасының ортасында, жақындарының мейірімі мен қамқорлығына бөленіп отыр.

Ал ер азаматтар арасындағы ең жасы үлкен зейнеткер - Алматы қаласының 104 жастағы тұрғыны - Зұлқарнай Сейітов. Ұлы Отан соғысының ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Зұлқарнай Сейітов Сталинград шайқасынан Берлинге дейінгі майдан жолын басып өткен. Соғыстан кейін өмірін ғылым мен педагогикаға арнап, ондаған жылдар бойы жемісті еңбек етті. Ол 150-ден астам ғылыми еңбектің, монографиялар мен оқу құралдарының авторы. Ардагер «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.

Қазақстандық  ғасыр куәгерлерінің тағдыры - замандар сабақтастығы мен ұрпақтар байланысының айқын көрінісі. Олардың жылдар бойы атқарған еңбегі, төзімділігі мен кәсіби жетістіктері мемлекетіміздің бүгінгі дамуына берік негіз болды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін барша аға буын өкілдеріне құрметі мен алғысын білдіріп, барша отандастарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасылық береке тілейді.

30 сентября 2026
1 қазаннан бастап кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО мекенжайлары өзгереді

1 қазаннан бастап кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО мекенжайлары өзгереді

«1 қазаннан бастап кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО мекенжайлары өзгереді», — деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы.

Орал қаласындағы Жамбыл көшесі, 81 мекенжайында орналасқан №1 ХҚКО енді кезекші кесте бойынша: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күні — сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ал Орал қаласындағы Исатай-Махамбет көшесі, 84 мекенжайындағы №2 ХҚКО қалыпты жұмыс кестесіне көшеді: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі — демалыс күндері.

Айта кетейік, Жәңгір хан көшесі, 160 мекенжайында орналасқан кезекші мамандандырылған ХҚКО бұрынғы жұмыс кестесі бойынша жұмысын жалғастырады: дүйсенбі-жұма күндері сағат 18:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру — сағат 20:00-ге дейін; сенбі күні — сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру — сағат 13:00-ге дейін.

ХҚКО-ға баруды жоспарлау кезінде көрсетілген өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз.

29 сентября 2026
Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын айқындайтын Отбасы күні атап өтіледі. Осы айтулы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздегі неке қию көрсеткіштеріне қатысты статистиканы ұсынады.

2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 74 648 неке ресми түрде тіркелді. Оның жартысынан астамы жаз айларына тиесілі. Неке қиюға деген белсенділік жаз мезгілінде артып, дәл осы кезеңде көптеген жұп отбасын құру туралы шешімін ресми түрде бекіткен.

«АХАТ функциялары 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік корпорацияға берілді. Содан бері біздің қызметкерлер шамамен 400 мың неке тіркеп, 1 миллионнан астам туу туралы куәлік берді. Әрбір көрсетілген қызметтің артында азаматтардың өміріндегі маңызды оқиғалар тұр. Сондықтан біз қызмет көрсету үдерістерін жетілдіруге, цифрлық сервистерді дамытуға, мемлекеттік қызметтерді азаматтар үшін барынша ыңғайлы, қолжетімді және сапалы етуге басымдық беріп келеміз»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Еліміздің барлық өңірінде шаңырақ көтеріп, жаңа отбасы құруға деген ұмтылыс жоғары. Дегенмен, неке қию көрсеткіші бойынша ірі қалалар мен халық тығыз орналасқан өңірлер алдыңғы қатарда. Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркеліп, мұнда 12 344 неке қиылған. Екінші орында Астана қаласы тұр, онда 9 074 жұп өз қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеген. Ал үшінші орында 5 611 неке қиылған Түркістан облысы тұр.

Биыл маусым айы неке қию көрсеткіші бойынша көш бастады. Осы кезеңде 15 мыңнан астам жұп өз қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеді. Тамыз айында 11 761 жұп шаңырақ көтерсе, шілдеде бұл көрсеткіш 11 674-ті құрады. Жалпы, жаз айларында елімізде 38 мыңнан астам жұп отбасын құрды. Бұл 2026 жылдың сегіз айында қиылған некелердің жалпы санының жартысынан астамын құрайды.

Неке тіркеу – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірі. Неке тіркеуге өтінішті тіркеуші органға тікелей жүгіну арқылы, электронды үкімет порталы арқылы онлайн форматта, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.

25 сентября 2026
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес:

  1. Жәнібек ауданының жергілікті атқарушы органдары бойынша мына мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.

1) «Жәнібек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2) «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (ведомствоаралық бағынысты мекемені қоса);

3) «Жәнібек ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4) «Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (ведомствоаралық бағынысты мекемені қоса);

5) «Жәнібек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі( ведомствоаралық бағынысты мекемелерді қоса);

6) «Жәнібек ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

7) «Жәнібек ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне ( ведомствоаралық бағынысты мекемелерді қоса);

8) «Жәнібек ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

9) «Жәнібек ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

10) «Ақоба ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі;

11) «Жәнібек ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі;

12) «Күйгенкөл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі;

13) «Ұзынкөл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі;

  1. Осы өкімнің 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелердің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау тұрғысында келесілер:

1) мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

3) талдау тұрғысынан туындайтын өзге де мәселелер анықталсын.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау әр мемлекеттік мекемемен дербес жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу уақыты 01.10.2026 жыл – 31.10.2026 жыл аралығы, талдау жүргізу кезеңі 01.10.2025 жыл – 01.10.2026 жыл аралығы болып белгіленсін.
  2. Талдау нәтижелері бойынша мыналарды:

1) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты;

2) оларды жою бойынша ұсынымдарды;

3) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды іске асыру мерзімдерін қамтитын талдамалық анықтамалар талдау кезеңінен кешіктірілмей аудан әкімі аппаратына ұсынылсын.

  1. Осы өкімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және қаржы шаруашылығы жұмыс бөлімінің бас маманы Ә.Базарғалиеваға жүктелсін.
25 сентября 2026
Үйге барып қызмет көрсету аясында ерекше қажеттілігі бар 9 мыңнан астам азамат қамтылды

Үйге барып қызмет көрсету аясында ерекше қажеттілігі бар 9 мыңнан астам азамат қамтылды
Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы үшін мемлекеттік қызметтердің баршаға бірдей қолжетімді болуы маңызды. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚКО-ға өзі келе алмайтын ерекше қажеттілігі бар жандарға және жүріп-тұруы шектелген тұрғындарға мамандар үйіне барып, тегін қызмет көрсетеді.
2026 жылдың басынан бері Мемлекеттік корпорация мамандары 12 мыңға жуық азаматтың үйіне барып, 9 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Үй жағдайында көрсетілген қызметтердің ішінде сұранысқа ие болғандардың қатарында паспорт пен жеке куәлік беру, электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдеу және тұрғын үй көмегін тағайындау бар.
Маманды үйге шақыртып, мемлекеттік қызмет алуға I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, сондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты жүріп-тұруы шектелген азаматтар құқылы.
Маман шақыру үшін Мемлекеттік корпорация сайтындағы «Қызметтер» бөлімі арқылы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыру қажет. Бұдан кейін қызметкер азаматтың үйіне барып, қажетті құжаттарды қабылдайды. Дайын болған қызмет нәтижесі көрсетілген мекенжайға тегін жеткізіледі.
Еске сала кетейік, ХҚКО-ға өзі келетін ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін барлық жағдай жасалып, кедергісіз жайлы орта қалыптасқан. Ал кезексіз қызмет алуға құқылы келушілерге арнайы жеңілдік терезелері арқылы жедел қызмет көрсетіледі.
Сонымен қатар, еліміздегі барлық фронт-офистер ыңғайлы пандустармен, көмек шақыру батырмаларымен, көру қабілеті шектеулі жандарға арналған тактильді тақталармен және арнаулы арбалармен қамтылған.

Пайдалы ақпарат
18 сентября 2026
«Жәнібек ауданы әкімінің аппараты» ММ-не және аудан әкімдігіне бағынысты мекемелерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы хабарлайды.

«Жәнібек ауданы әкімінің аппараты» ММ-не және аудан әкімдігіне бағынысты мекемелерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы хабарлайды.

  Жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.

14 сентября 2026
Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын айқындайтын Отбасы күні атап өтіледі. Осы айтулы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздегі неке қию көрсеткіштеріне қатысты статистиканы ұсынады.

2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 74 648 неке ресми түрде тіркелді. Оның жартысынан астамы жаз айларына тиесілі. Неке қиюға деген белсенділік жаз мезгілінде артып, дәл осы кезеңде көптеген жұп отбасын құру туралы шешімін ресми түрде бекіткен.

«АХАТ функциялары 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік корпорацияға берілді. Содан бері біздің қызметкерлер шамамен 400 мың неке тіркеп, 1 миллионнан астам туу туралы куәлік берді. Әрбір көрсетілген қызметтің артында азаматтардың өміріндегі маңызды оқиғалар тұр. Сондықтан біз қызмет көрсету үдерістерін жетілдіруге, цифрлық сервистерді дамытуға, мемлекеттік қызметтерді азаматтар үшін барынша ыңғайлы, қолжетімді және сапалы етуге басымдық беріп келеміз»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Еліміздің барлық өңірінде шаңырақ көтеріп, жаңа отбасы құруға деген ұмтылыс жоғары. Дегенмен, неке қию көрсеткіші бойынша ірі қалалар мен халық тығыз орналасқан өңірлер алдыңғы қатарда. Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркеліп, мұнда 12 344 неке қиылған. Екінші орында Астана қаласы тұр, онда 9 074 жұп өз қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеген. Ал үшінші орында 5 611 неке қиылған Түркістан облысы тұр.

Биыл маусым айы неке қию көрсеткіші бойынша көш бастады. Осы кезеңде 15 мыңнан астам жұп өз қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеді. Тамыз айында 11 761 жұп шаңырақ көтерсе, шілдеде бұл көрсеткіш 11 674-ті құрады. Жалпы, жаз айларында елімізде 38 мыңнан астам жұп отбасын құрды. Бұл 2026 жылдың сегіз айында қиылған некелердің жалпы санының жартысынан астамын құрайды.

Неке тіркеу – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірі. Неке тіркеуге өтінішті тіркеуші органға тікелей жүгіну арқылы, электронды үкімет порталы арқылы онлайн форматта, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.

10 сентября 2026
360° БЕЙНЕШОЛУДЫ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ӨТУ КЕРЕК?

https://www.instagram.com/reel/DdERnc2Kj9o/?stkn=bmczczFlODM5c2g3

Социальные сети
Жәнібек ауданы
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы