Меню

Страницы

Статья

ИМАНДЫҚ  КЕПІЛІ

ИМАНДЫҚ  КЕПІЛІ

Дін – адам тарихының үлкен тағылым-тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі. Егемен ел болып қалыптасуымызда, мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінде діннің алатын орны үлкен. Өйткені дін – имандылықтың, әділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, көпшілдіктің, төзімділіктің кепілі. Мектептегі «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің танымдық мәнімен қоса, тәрбиелік мазмұнына баса көңіл аударудың маңызы зор. Оқушыларға ең алдымен діннің анықтамаларына мән беруден бастаған дұрыс. Мысалы, «Дін – адамды туралық пен әдемілікке жетелейтінжол», «Дін – адамның өмірін тәртіпке келтіретін жүйе», «Дін – адамды шындыққа жеткізетін жарық» деген қағидаларды жастардың құлағына құю қажет. Сонымен бірге дін қоғамның тәртіпті, бақытты болуына ықпал жасап, адамның жүріс-тұрысын, мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін реттейді. Ата- бабаларымыз дінді тереңінен зерттеп, мол тағылымын өзінің салт-санасына, дәстүріне сіңіре білді.

Пайғамбарымыз хадисінде:«Өзіңе не тілесең, әуелі оны басқалар үшін қыл» десе, ата-бабаларымыз өзі түгілі дұшпанына жамандық тілемеуді ұрпағына аманат еткен. Абай атамыз да «Алланың адам баласына дінді түсірудегі мақсаты – құлдарының жолдан адаспауы үшін, бір-бірімен ізгілікте, татулықта өмір сүрулері үшін болды» дейді. Осындай дана  сөздердің мағынасын түсіндіре отырып, діннің түп мақсатынашуға тырысу керек. Алғашқы сабақтарда оқушылардан діннің қажеттілігін сұрағанымда «Жұмаққа бару, о дүниеде жақсы өмір сүру, күнәдан арылу, мына өмір жалған» деген сөздерді естідім. Қазіргі кезде оқушылардың бұл ойдан арылып, өзін-өзі тәрбиелеуі керектігін түсінгені қуантады. Әр сабақ сайын шәкірттерге жат діни ағымдардың алдын алу мақсатында адамгершілік, мейірім, адалдық, Отанды сүю туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, пікір алмасулар өткізіп, ұлттық дәстүріміз бен дінімізді сақтау жайында айтып отырамын.

Ж.РАМАЗАНОВ,А.Оразбаева атындағы негізгі мектептің  мұғалімі

Дата публикации
22 апреля 2020
Дата обновления
22 апреля 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Местонахождения территориальной избирательной комиссии Жанибекского района и перечень, границ и местонахождения одномандатных избирательных округов по выборам депутатов Жанибекского районного маслихата
16 октября 2026
Информация
15 октября 2026
Правовые акты

Социальные медиа

Жәнібек ауданы

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы