Меню

Страницы

Статья

Бөбекжайдағы толымды істер

Бөбекжайдағы толымды істер

Мектеп жасындағы кезең балалардың адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін қолайлы болып табылады, өйткені осы жас шамасында тұлғаның әрі қарай үйлесімді дамуының негізі қаланады. «Терек түзу өсу үшін көшет кезінде дұрыс отырғызу керек» деген сөздің астарында үлкен мағына жа- тыр. Еліміздің ертеңі қазіргі бөбектердің тәрбиесінен бастау алады. Осы бағытта аудан орталығында, ауыл-аймақтарда балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған семинарлар жиі өткізілуде. Сондай семинардың бірі жақында Ұзынкөл ауылындағы балабақшада «Инновация және тәжірибе» тақырыбында өткізіліп, оған аудандағы балабақшалардың тәрбиешілері мен әдіскерлері қатысып, өздерінің балабақшада өткізетін оқу-тәрбие жұмысында қолданатын тәжірибелерімен бөлісті. Мейрамгүл Қыдырова бастаған ұжым баршамызды мейірімді жүздерімен қарсы алды. Ұлылар мекен еткен өлкенің ертеңі балабақшадағы бүлдіршіндердің қолында болатыны хақ. Ұядан берілетін тәлім мен тәрбиенің уығын бекемдеу, нықтау жолында тәрбиешілерге қойылатын міндет зор. Ұлттың кемел келешегі бүгінгі балдырғандардың қолында. Қалай айтсақ та, тынымсыз еңбектің нәтижесі болар, балабақша басшысы Мейрамгүл Ғарифоллақызы тек өз ауылына, ұжымына ғана емес, ауданның барлық ауыл-аймақтары арасында сыйлы, әркез қолұшын беруге әзір жан. Толассыз қарбаласқа толы әрбір еңбек күнінен ләззат алады. «Ұзынкөл» бөбекжайының ұжымы балаларға тәлім мен тәрбие, өнеге мен өнер үйретуде аянбай еңбек етуде. Әдіскер көзімен бұл балабақша ұжымының игі істерін көріп, елдің ертеңіне қалтқысыз қызмет ететініне сендім.

Қ.ЖОЛДЫБАЕВА, Ғ.Сарыбаев атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің әдіскері

 

Дата публикации
18 марта 2020
Дата обновления
18 марта 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Местонахождения территориальной избирательной комиссии Жанибекского района и перечень, границ и местонахождения одномандатных избирательных округов по выборам депутатов Жанибекского районного маслихата
16 октября 2026
Информация
15 октября 2026
Правовые акты

Социальные медиа

Жәнібек ауданы

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы