Меню

Страницы

Статья

Ұлы ойшылға арналды

Ұлы ойшылға арналды

Елімізде биыл өркениеттің ұлы ойшылы, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы өтуде. Мерейтойды мерекелеудің басты мақсаты – әл-Фараби мұрасын зерделеуге жаңа серпін беру, әлем тарихындағы оның рөлін айқындап, есімін ұлттық бренд ретінде ұлықтау. Ұлы даланың ұлағатты тұлғасы құрметіне колледждің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер айлығы шеңберінде студенттердің ғылыми конференциясы оздырылды. Айтулы шара аясында қатысушылар мен шақырылған қонақтар әлемге танылған, «ғаламның Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған» кемеңгер тұлға әл-Фараби туралы пікірлерін ортаға салды. Конференция барысында әл-Фараби – қазақ халқының ғана емес, бүкіл әлемдік өркениеттің рухани игілігі, ислам және әлем философиясының жарық жұлдызы, әлемді тануға және бүкіл адамзаттың рухани дамуына теңдессіз үлес қосқаны жөнінде пікірлер айтылды. Әл- Фарабидің ғылыми мұрасы – бүкіл әлемдік ғылым дамуының тарихи іргетасы және бастау көзі. Ұлы ойшылдың 160-тан астам трактатта көрініс тапқан шығармашылығы ғылымның негізгі бағыттарының дамуына ықпал етті. Оның математика, филология, химия, биология, астрономия, философия, медицина, логика, әлеуметтану, саясаттану, құқықтану, этика және басқа да салаларға өлшеусіз үлес қосқандығы туралы ардагер- ұстаз Қабаш Жүнісов әңгімелеп берді. «Әл-Фараби музыкасында ғаламның гармония мақамы жырлайды» деген пікірін ортаға салып, шара қонағы, домбырашы Шынтемір Рамазанов «Фараби сазы», «Жұмыр қылыш» күйлерін орындап ортаны бір сілкіндіріп тастады. Дана ойшылдың өмір жолы, ғылыми еңбектері, білім іздеу жолындағы ұлы жетістіктері туралы оқытушы Ж.Ажмұханова және колледж студенттері Ж.Бисембаев, М.Садыкова, А.Қадим баяндап, ғұлама туралы бейнефильм көрсетілді. Аудандық кітапхананың оқырмандар қамту бөлімінің меңгерушісі Алмагүл Жұмалиева әл-Фарабиге арналған кітап көрмесімен таныстырды

Г.ЕСМҰХАМБЕТОВА, әдіскер

 

           

Дата публикации
18 марта 2020
Дата обновления
18 марта 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Местонахождения территориальной избирательной комиссии Жанибекского района и перечень, границ и местонахождения одномандатных избирательных округов по выборам депутатов Жанибекского районного маслихата
16 октября 2026
Информация
15 октября 2026
Правовые акты

Социальные медиа

Жәнібек ауданы

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы