Меню

Страницы

Статья

Балалардың тартуы

Балалардың тартуы

Аудандық психологиялық- педагогикалық түзеу кабинетінің мұғалім- логопеді Ж.Аждуованың ұйымдастыруымен «Ана – өмірдің гүлі» тақырыбында кабинетішілік мерекелік шара өтті. Шараға каби- нет оқушылары, ата-аналар, кабинет мамандары қатысты. Оқушыларға 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінік беріліп, мерекенің маңыздылығы айтылды. Кабинет меңгерушісі С.Насенова жиналған қауымды мерекемен құттықтап, оқушылардың жетістігі туралы айтып, жылы лебізін білдірді. Гүлсезім Арыстангалиева «Анашым», Дамира Жүнісова «Бала тілегі» әндерін шырқап, мерекелік шараның шырайын кіргізді. Сонымен қатар кабинеттің кішкентай бүлдіршіндері жүрекжарды тілектерін өлең шумақтары арқылы жеткізді. «Анаға сыйлық» ойындық тапсырма кезеңінде оқушылар аналарға жылы лебіздерін қағаз бетіне түсіріп, тарту етті. Мерекелік шара соңында ата-аналар құттықтау тілектерін айтып, кабинет ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.

Н.ҚАРАБАЛИЕВА, психологиялық- педагогикалық түзеу кабинетінің әдіскері

Дата публикации
18 марта 2020
Дата обновления
18 марта 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
ВЫБОРЫ ДЕПУТАТОВ МАСЛИХАТОВ - 2026
16 октября 2026
Местонахождения территориальной избирательной комиссии Жанибекского района и перечень, границ и местонахождения одномандатных избирательных округов по выборам депутатов Жанибекского районного маслихата
16 октября 2026

Социальные медиа

Жәнібек ауданы

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы