Мейірімге толы әлем
Мектебімізде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Н.Мұстафинаның ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі шеңберінде «Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбында апталық оздырылды. Мектеп кітапханасында С.Назарбаева туралы кітапханашы А.Тасқалиева көрме ұйымдастырды. Отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында сынып жетекшісі Т.Беркінбаева «Менің отбасымның мейірімді дәстүрі» атты тәрбие сағатын өткізсе, мектеп дәлізінде «Өзін-өзі тану – біздің әлеміміз» тақырыбындағы шығармашылық жұмыстар, суреттер, ашықхаттар және қабырға газеттерден фотогалерея ұйымдастырылды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Исқақов «Дос болайық бәріміз» атты спорттық шара өткізіп, нәтижесінде «Шымыр» тобы жеңіске жетті. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын дамытуда «Ана – өмірдің гүлі» мәнерлеп оқу сайысы оздырылды. Мектеп ұжымы мен оқушылары арасында «Шын жүректен алғыс айтамын», «Әлемге күлкі сыйла» акциялары ұйымдастырылды. Әлеуметтік педагог Б.Ғұсманова мен қосымша білім беру педагогы А.Исқақова 5-6-сынып оқушыларына «Мейірім ке- рек адамға» айдарында танымдық шара оздырды. Шара соңы «Мейірімге толы әлем» тақырыбындағы әдеби-монтажға ұласып, оқушылар адами құндылықтарға негізделген үгіт-насихат сөздерімен көпшіліктің көңілінен шыға білді.
Тұрсынғаным БЕРКІНБАЕВА, мектеп психологы, Тегісшіл ауылы