Шығармашылық қабілет сарапқа салынды
Аудандық психологиялық- педагогикалық түзеу кабинетінде «Ғажайып сурет әлемі» атты шара өткізілді. Шарада ата-аналар кабинетке тартылып, оқушылардың логикалық ойлауын, еске түсіру, елестету және шығармашылық қабілеті сарапқа салынды. «Бояулар» және «Қарындаштар» тобы өнер көрсетті. Балаларға «Ғажайып сурет», «Сөздерден түс аттарын шығару», «Құм планшетімен жұмыс» атты тапсырмалар жүктелді. Шара соңында кабинет меңгерушісі Светлана Насенова ата-аналар мен оқушыларға жылы лебізін білдірді.
Ұлпан НҰРҚАТОВА, Жанәбіл МҰСТАЕВ, кабинет педагогтары