Меню

Страницы

Статья

«Еңбек жолы» республикалық байқауы

«Еңбек жолы» республикалық байқауы

Еңбек жолы» республикалық байқауы жастарды еңбекке құрметпен қарау рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында ең үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтауға мүмкіндік береді. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» аясында еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.

«Еңбек жолы» конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізудің мақсаты:
1) Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам»бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау;
2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;
3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері Конкурсқа қатыса алады.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттарыең көпең көп санды әулет таңдалады.
Ескертпе
Конкурсқа барлық меншік түріндегі ұйымдарда еңбек әулеттерінің өкілдері қатыса алады.
Еңбек әулеті-қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында кемінде 20 жыл жиынтық жұмыс өтілі бар бір ұйымның жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағын білдіретін (бір немесе екі жұбайы балалармен немесе немерелерімен бірге) қызметкерлер тобы. Бұрын еңбек қызметін бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы деп танылады.
Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсене араласуы, жастардың кәсіби бағдарына жәрдемдесуі, өз мамандығын насихаттауы тиіс.

2) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Жеңімпаздарға ақшалай сыйақы беру мақсатында конкурстың әрбір номинациясы бойынша ақшалай сертификаттар берілетін болады:
- 1 орын – 1 000 000 (бір миллион) теңге;
- 2 орын – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
- 3 орын – 200 000 (екі жүз мың) теңге.

Конкурс 2 кезеңде өтеді:
I. Облыстық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын іріктеу:
ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯ конкурсқа қатысушылардың арасынан «Еңбек жолы» Конкурсының ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАЙДЫ;
II. Республикалық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын іріктеу:
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯ конкурстың өңірлік деңгейінің жеңімпаздарының арасынан «Еңбек жолы» Конкурсының ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАЙДЫ;
Республикалық комиссия «Еңбек жолы» конкурсының республикалық кезеңінің әр номинациясы бойынша (бірінші, екінші, үшінші орындар) жеңімпаздарды анықтайды.
Салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына» республикалық форумы өтетін күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

✍Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1)номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьтерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;
6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.

Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):
мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;
біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

Осыған байланысты, 2020 жылғы 15 наурыздан бастап 20 сәуірге дейін конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылданатынын хабарлаймыз.

Толық ақпарат пен кеңесті «Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мына мекенжай бойынша алуға болады: Жәнібек ауылы, Ғұмар Қараш көшесі 35, тел.: 21-9-87

Дата публикации
18 марта 2020
Дата обновления
18 марта 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Местонахождения территориальной избирательной комиссии Жанибекского района и перечень, границ и местонахождения одномандатных избирательных округов по выборам депутатов Жанибекского районного маслихата
16 октября 2026
Информация
15 октября 2026
Правовые акты

Социальные медиа

Жәнібек ауданы

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы