Кітапқа құштарлық танытты
Баланың өмірмен, қоршаған ортамен танысуы, мінез-құлығы алғаш отбасында қалыптаса бастайды. Одан бойына сіңірген асыл қасиеттер баланың алдағы өміріне сенімді серік болaды. Әр халықтың бала тәрбиесіндегі ерекшеліктері, өзіне ғана тән мәдени құндылықтары бар. Қазақ халқы болса, баланы бүлдіршін кезінен туған жеріне, еліне, еңбекке және ата дәстүріне деген ыстық махаббатпен өсіреді. Осы бағытта баланы рухани жағынан қолдап, өз мақсаттарын айқындауда кітап пен кітапхананың алар орны ерекше. Олар кітаптың көмегіне сүйене отырып, қоршаған ортада болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды біліп, мәдениет пен өнердің құндылықтарын түсініп, кітапханада оздырылған шаралар арқылы жан-дүниесін байыта түседі. Осы орайда Тау модельді ауылдық кітапханасына ерекше білімді қажет ететін балалар шақырылып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас жөнінде айтылды. Б.Сәбит, Ә.Қадырболат, А.Уәлиолла, Б.Бауыржан секілді оқырмандар отбасы мүшелерін қағаз бетіне түсіріп, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, дойбы, өрнек, нақыш құрастырды. Оған қоса электронды дыбыстандырылған оқулықтар оқылымға беріліп, балалар жақсы көңіл күймен тарқасты.
Г.ҒАЗИЗОВА, Тау модельді ауылдық кітапханасының басшысы