Меню

Страницы

Статья

Дәстүрін білмеген елін сүймейді

Дәстүрін білмеген елін сүймейді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қазақстандықтарды елең еткізді. Мақала ХХI ғасырдағы ұлттық сана мен оның мәселелерін және таяу жылдардағы еліміздің алдындағы міндеттерін айқындап берді. Мақалада бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы сияқты мәселені күн тәртібіне қойып, оның нақты мәні мен мағынасына үңіле отырып, талдау жасайды. «Мақсатқа жету үшін санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады» деп атап көрсетті Елбасы. Ұлттық дәстүрдің өсіп-қалыптасып келе жатқан жаңа буынды тәрбиелеудегі рөлі жоғары. Өзінің тамырын, шығу тегін, дәстүрін білмеген адам өз Отанын сүймейді, ата-бабалар ерлігімен мақтана алмайды, өзге ұлт дәстүріне деген құрмет сезімі де кемитіні анық. Бүгінгі күні қоғамымызда орын алып жатқан түрлі жат ағымдардың немесе саяси ұйымдардың соңынан жастарымыздың еруінің бірден бір себебі салт- дәстүрімізді, қазақы наным-сенімімізді ұмыта бастағандығымыз екендігі даусыз. Ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғырту арқылы біз рухани азғындықтан, ұлт ретінде жойылудан құтыла аламыз. Егемен ел атанғалы салт-дәстүр, тарихымызды зерттеуге мемлекет тарапынан айтарлықтай көмектер көрсетіліп, осы салада талай еңбектер жазылып, ғылыми дәрежелер қорғалды. Алайда тәуелсіздік алғанымызға 30 жылға жуық уақыт өтсе де, бүгінгі қазақ арасында ұлтымызға, оның салтдәстүріне, тарихына деген сүйіспеншілік айтарлықтай дәрежеге жетіп, дамыды деп айту қиын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қазақтың ұлттық салт – дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерделеп, оның ғасырлар бойы адам тәрбиесіндегі орнын жоғары бағалап, жастарды тәрбиелеуде басты құралға айналдыру қажеттігін баса айтты. Осы бағытта аудандық ардагер- лер кеңесі өткен жылы «Сақталушы еді сыбаға», «Көрісу айты», «Ұмыт қалған қара өлең» атты іс шара өткізді. Аға ұрпақ өкілдерінің жас жеткіншектерді отансүйгіш рухта және қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет- ғұрыптарын сақтауға бағытталған тәрбие жұмыстарын жүргізу ардагерлер кеңесінің ең басты міндеті болып саналады.

А.УӘЛИЕВ, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы

Дата публикации
11 марта 2020
Дата обновления
11 марта 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Местонахождения территориальной избирательной комиссии Жанибекского района и перечень, границ и местонахождения одномандатных избирательных округов по выборам депутатов Жанибекского районного маслихата
16 октября 2026
Информация
15 октября 2026
Правовые акты

Социальные медиа

Жәнібек ауданы

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы