Меню

Страницы

Статья

Ер есімі – ел есінде

Ер есімі – ел есінде

Аудандық ардагерлер үйінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының бастауымен, аудандық ардагерлер үйі, аудандық мәдениет үйі және орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 75 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» атты тыл ардагерлерімен кездесу кеші өтті. «Соғыс өрті шарпыған Жәнібек» атты бейнероликпен ашылған кеште аудан әкімі Азамат Сафималиев сөз сөйлеп, тыл ардагерлеріне «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы атынан шағын сый-сияпаттар ұсынды. Одан кейін аудандық саз мектебінің шәкірттері «Қара жорға» күйін тартса, «Надежда» және «Ақниет» әжелер ансамбльдері әсем әндерін әуелетті. Аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығындағы «Бард» үйірмесінің оқушылары «В землянке» әнін тамылжыта шырқады. Жиынға қатысқан тыл ардагерлерінің атынан Үміт Ибраева сөз алып, өз естелігімен бөлісті. Сондай-ақ аудандық кітапхана ұжымы ұйымдастырған «Ұлы Жеңіс – өшпес өнеге» атты кітап көрмесі таныстырылып, кеш аудандық саз мектебінің ұстазы Аслан Боранбаевтың орындауындағы «Бейбітшілік ұланымыз» әнімен қорытындыланды. Жиын соңында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ардагерлер арасында өткізілген шахмат турнирінен Серік Масанов І орын, Мұхамбетжан Темірәлиев ІІ орын, Мұса Айтқалиев ІІІ орынды қанжығасына байла- са, Вениамин Ефимов белсене қатысқаны үшін марапатқа ие болды.

Г.ШАМҒОНОВА, Суретті түсірген автор

Дата публикации
11 марта 2020
Дата обновления
11 марта 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
ВЫБОРЫ ДЕПУТАТОВ МАСЛИХАТОВ - 2026
16 октября 2026
Местонахождения территориальной избирательной комиссии Жанибекского района и перечень, границ и местонахождения одномандатных избирательных округов по выборам депутатов Жанибекского районного маслихата
16 октября 2026

Социальные медиа

Жәнібек ауданы

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы