Ыстық ықыласын білдірді
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін Алғыс айту мерекесі күні Тау ауылындағы «Қайрат» бөбекжайындағы «Гүлдерай» ересек тобының ата-аналары бөбекжай ұжымына өз алғыстарын білдірді. Бүлдіршіндеріне саналы тәрбие, сапалы білім беріп жүрген ұжымға ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толассыз еңбектеріне шын пейілмен ыстық ықыласын білдіріп, әдемі шарлар мен тәтті бәліш (торт) ұсынып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Р.БИМҰХАНОВА, «Қайрат» бөбекжайының әдіскер