Оқушылар додасы
Аудандық білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының аудандық слеті өтті. Байқауда аудан мектептерінің оқушылары сынға түсті. Слеттің ашылу салтанатында аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Маркс Нұфтығалиев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Алты бөлімнен тұратын додаға оқушылар тыңғылықты дайындалған. «Туған өлке соқпақтары» байқауында Ұзынкөл орта мектебінің оқушысы Айжұлдыз Тәндібаева, «Сөнбес жұлдыздарда» Ғ.Қараш атындағы орта мектептің оқушысы Аягөз Сариева, «Туған өлкенің тарихында» Ғ.Қараш атындағы орта мектептің оқушысы Жанай- ым Құзайыр, «Экологиялық соқпақта» №1 мектеп-лицей оқушылары Алина Қыдыраш, Назерке Қабаш, «Бард әндері» бойынша №1 мектеп-лицей оқушысы Ақан Мектепқалиев жүлделі І орын алды. Жалпыкомандалық есепте №1 мектеп-лицей І, Тегісшіл негізгі мектебі ІІ, Ғ.Қараш атындағы мектеп ІІІ орынға ие болды. Жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алды.
Ә.СІРӘЛІ Фото автордікі