Меню

Страницы

Статья

Жаңартылған білімге ұмтылыс

Жаңартылған білімге ұмтылыс

Т.Жароков атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімдерінің аудандық «Жаңартылған білім беру мазмұны: әдіс-тәсіл және нәтиже» тәжірибе алаңы ұйымдастырылды. Тренингпен басталған тәжірибе алаңы ашық сабақтар топтамасымен жалғасты. Бастауыш сынып мұғалімі Г.Жұмағалиева жаратылыстану пәнінен «Глобусты қалай пайдаланады?», Н.Абдрешева қазақ тілінен «Зат есімнің жіктелуі», П.Смағұлова әдебиеттік оқу пәнінен «Қазақстан көлдері» тақырыбында ашық сабақтар көрсетті. Сонымен қатар практикалық бөлімде Н.Абдрешева «Plickers мобильді жүйесі арқылы кері байланыс орнату», А.Әмирханов «Оқушылардың оқу қарқынын дамыту жолдары» шеберлік сыныптарымен бөлісті. Нәтиже бөлімінде «Ұстаз еңбегі – шәкірт жетістігі» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларының шағын концерті болды. Концертте ақын-жазушылардың өлеңдері мәнерлеп оқылып, ән мен биден шашу шашылды. Тәжірибе алаңы соңында кері байланыс жүргізіліп, «Өнерпаз болсаң, арқалан» көрмесі тамашаланды.

 Нұргүл АБДРЕШЕВА, мұғалім

Дата публикации
11 марта 2020
Дата обновления
11 марта 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Местонахождения территориальной избирательной комиссии Жанибекского района и перечень, границ и местонахождения одномандатных избирательных округов по выборам депутатов Жанибекского районного маслихата
16 октября 2026
Информация
15 октября 2026
Правовые акты

Социальные медиа

Жәнібек ауданы

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы