Құралайды көзге атты
М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына және Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуына 31 жыл толуына орай пневматикалық мылтықпен атудан ашық турнир өтіп, оған аудан мектептерінің оқушылары қатысты. Турнирдің ашылуында аталған колледждің директоры Берік Ихсанов пен ауған соғысының ардагері Кәрімжан Аткешов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Колледж студенті Асылхан Сариевтің орындауында «Бір ел болса» әні шырқалып, спорттық шарамен жалғасын тапты. Пневматикалық мылтықпен атудан ашық турнирдің қорытындысы бойынша М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің командасы І орын, Е.Ниетқалиев атындағы орта мектептің командасы ІІ орын, Т.Жароков атындағы орта мектептің ко- мандасы ІІІ орынды иеленсе, «Мерген атушы» аталымын қыздар арасында Ақбота Ерғалиева, ұлдар арасында Алихан Ерболатов еншіледі.
Гүлім ҚАБДОЛОВ