Меню

Страницы

Статья

Жабылған балабақшаны ашқан басшы

Жабылған балабақшаны ашқан басшы

Күлімдеген көктеммен бірге сұлулық пен нәзіктікті, қажыр мен қайратты, қайсарлық пен ептілікті бір бойына жинаған арулардың мерекесі де келіп жетті. Көктем айларында табиғат қайта құлпырып, айналасына шуақ шашады. Осындай шуақты күндердің бірі – 8 наурыз мерекесі әлем әйелдері үшін ерекше мейрам. Жан-жағынан келген құттықтау мен әртүрлі сыйлықтар нәзік жандылардың жүрегіне жылулық сыйлайтыны, көңілін көкке көтеретіні айқын.                                                                                                         

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де бір үйдің аяулы анасы, асыл жары, сүйікті әжесі және жұмысында іскер басшы. Өзінің талай жылғы еңбек өтілінде білгірлігімен, алғырлығымен, тапқырлығымен талайдың жанына күн көзіндей шуақ шашып жүрген, бүгінде бүлдіршіндер тәрбиесінің ордасына айналған «Алтын ұя» бөбекжайының директоры – Ғалия Елемесова. Ол 1962 жылы ауданымызға қарасты Талов ауылында, көпбалалы отбасында дүниеге келген. Сол жылы әкесінің қызмет бабына байланысты Жәнібек ауылына қоныс аударған. 1969 жылы аудан орталығындағы №1 орта мектептің табалдырығын аттаған. 1979-1982 жылдар аралығында Орал қаласындағы педагогикалық училищеден мектепке дейінгі тәрбиеші мамандығын алып шыққан ол, ауылға оралып сол кездегі №4 балабақшаға тәрбиеші болып қызметке орналасады. 1984 жылы аудан орталығындағы «Теремок» балабақшасына меңгеруші болып ауысады. Кейін «Теремок» балабақшасы «Балдәурен» деп аталды.                                                                                         

– Сол кездер әлі күнге дейін жадымда. Қиын кезеңдерді бастан кешірдік. Ауданда оннан аса балабақша болды. Солардың көбі жабылып, біздің балабақша да жабылудың аз-ақ алдында қалған-ды. Осындай жағдай орын алып жатқасын, өзіммен бірге жұмыс жасап жүрген әріптестеріме келіп, мән- жайды түсіндірдім. Түсінгендері жанымда бірге қалды, яғни әрі қарай жұмыс жасай бердік. Бір жылдың көлемінде ешқандай жалақысыз жұмыс жасасақ та, арамызда ешқандай реніш-өкпе болған емес. Бала саны да күннен-күнге көбейе берді. Ата-аналар төлейтін төлем мөлшеріне балабақшадағы балаларға тамақ алып жүрдік. Ошақ жақтық. Даладан тезек теріп, жинап әкеліп жүрдік. Сондай қиын кезеңдерде қасымда болған Клара Темірәлиева, Айболсын Ұзақова, Зифа Жұмашева және Асылбек Кәкімовты айтып өтпеске болмас, - деді Ғалия Ғарифоллақызы өткенге бір көз жүгіртіп.      Жоғарыда айтылғандай, жабылып қалған балабақшалардың ішінде қазіргі «Жәнібек» балабақшасы да болған екен. Бірде облыс орталығынан тексеріс келеді. Ғалия Ғарифоллақызы сол кезде небәрі 22 жаста болса да, ортаға шығып сөз сөйлеп, «Жәнібек» балабақшасының жөнделуін сұрайды. Оның тілегіне құлақ асқан тексерушілер көп ұзамай аталған балабақшаға күрделі жөндеу жасатып, 2001 жылы Ғалия Елемесова әріптестерімен бірге жаңа «Жәнібек» балабақшасына көшеді. Содан 2018 жылдың тамыз айына дейін балабақшада директор қызметін атқарып, 2018 жылдың 29 тамызында «Алтын ұя» бөбекжайына директор болып тағайындалады.                                            

– Қазіргі ұжымым үлкен. Қарамағымда 76 адам қызмет жасауда. 276 баланы тәрбиелеудеміз. 76 адам болғанымен, балабақшада үлкен жиын немесе семинар болатын кезде «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығаратын ұжымыма дән ризамын. «Ол менің жұмысым емес, не болмаса уақытым жоқ, жолдасым не енем қарсы» деп айтып көрген емес. Кейде күндіз үлгермеген жұмысымызды түнімен жасай- тын кездеріміз болып қалады. Сондайда ері болсын, әйелі болсын, бірі тігінші, бірі суретші болып, ауызбіршілік танытады, - дейді ол.                                                                                                    –

Басшы әйел ретінде үй шаруасы мен білдей бір ұжымды қатар алып жүру қиынға соқпай ма?                                                                                          

– Жоқ, мен үшін ешқандай қиындық жоқ. Біріншіден, жұбайымның менің жұмысыма түсіністікпен қарауынан шығар. Ешқашан қабағын шытпайды. Қолынан келген көмегін аямай, үнемі қолдау білдіріп отырады. Екіншіден, ұжымымның өте жақсы екенін жоғарыда айтып өттім. Екіжақты қолдаудың арқасы шығар, 38 жыл еңбек өтілімнің 36 жылында директорлық қызметті атқарып келемін, - деді Ғалия Ғарифоллақызы.

Гүлім АСҚАРҚЫЗЫ

 

         Данагүл ТЕМІРҒАЛИЕВА, Жәнібек ауылының тұрғыны: – Қызым 3 жаста. «Алтын ұя» бөбекжайындағы «Әсем-ай» тобында тәрбиеленуде. Балабақшаға көңілім толады. Мереке-мейрамдарда ертеңгіліктер өте жақсы деңгейде ұйымдастырылады. Қызым үш жаста болса да үш тілде аман- дасып, кейбір сөздерді үш тілде айтып үйренді. Әртүрлі тақпақ айтып, би би- леп, ән де салады. Ертеңгіліктерге әр ата-ана балаларымызға бірдей етіп киім тіктіртеміз. Бір топта 20-22 бала болса, соның бәрінің ата-анасын ұйымшылдыққа тәрбиелеу, біріншіден тәрбиешілері Зәуреш Қуанғалиева мен Айнұр Төлегенқызының, екіншіден Ғалия Ғарифоллақызының еңбегі мен ұйымдастырушылық қабілеті деп білемін.

 Айнұр ӘДІЛБАЕВА, Жәнібек ауылының тұрғыны: – Мен осы бөбекжайда тәрбиеші болып жұмыс жасаймын. 2018 жылы Ғалия Ғарифоллақызы бөбекжайымызға директорлық қызметке келді. Басшы ретінде оны өз жұмысының нағыз шебері деп айта аламын. Жан-жағына тиянақты, қол астындағы қызметкерлерінің бабын тауып, бауырына тарта біледі. Үнемі түсіністікпен қарап, қолынан келген көмегін аямайды. Ол келгелі бері бөбекжайымыз жақсы деңгейлерден көрініп, әртүрлі іс-шаралар, семинарлар ұйымдастырып жүр. Тапсырманы тек қызметкерлеріне ғана беріп қоймай, өзі де басы-қасымызда бірге болып, атсалысады. Қарапайымдығына тәнтіміз. Ғалия Ғарифоллақызымен жұмыс жасау жеңіл ірі қызықты десем артық емес.

Дата публикации
11 марта 2020
Дата обновления
11 марта 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Местонахождения территориальной избирательной комиссии Жанибекского района и перечень, границ и местонахождения одномандатных избирательных округов по выборам депутатов Жанибекского районного маслихата
16 октября 2026
Информация
15 октября 2026
Правовые акты

Социальные медиа

Жәнібек ауданы

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы