ТҮЛЕКТЕРДІҢ ТАРТУЫ
Мектеп бітірген түлектер ауылға немесе білім ордасына қомақты сый жасауды жақсы үрдіске айналдырған. Таяуда Тау ауылдық округіндегі Ғ.Абдуллин атындағы орта мектептің 2000 жылғы түлектері ауылдың кіреберісіне қақпа орнатты. Құны 1,2 млн. теңге тұратын қақпаның ашылу салтанаты 25 мамыр күні өтті. Сонымен қатар түлектер округ әкімдігімен бірігіп, ауылға 10 дана көше шамын қондырды. Тау ауылының әкімі Нұрлыбек Төрешов туған ауылдарына жасаған игі істері үшін түлектерге ағысын білдірді.
Гүлзара МӘДИ