Ибатов Миранбек Нұрланұлы
Жәнібек ауылдық округінің әкімі
Жалпы ақпарат, білімі
Миранбек Ибатов 1974 жылғы 8 қарашада Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Тегісшіл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
Мансап
1998 жылы Орал педагогикалық колледжін, ал 2005 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Бастауыш сынып мұғалімі» және «Тарих және география пәні мұғалімі» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1991 жылы Орал геофизикалық экспедициясында жұмысшы болып бастаған. Кейін білім беру саласында еңбек етіп, Тегісшіл орта мектебінде мұғалім және педагог қызметтерін атқарған.
Миранбек Нұрланұлының мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Әр жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратында бас маман, бас инспектор, Тау ауылдық округінің әкімі, аудандық әкімдіктің бөлім меңгерушісі, Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары, аудандық білім беру бөлімінің басшысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, ауданның аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, Жәнібек аудандық Мансап орталығы филиалының директоры секілді жауапты лауазымдарда қызмет атқарған. 2024 жылдың шілде айынан бастап Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Сондай-ақ 2026 жылы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы лауазымында еңбек етті.