ЖАҢАҚАЛА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылғы 24 қыркүйекте Жаңақала ауданы Пятимар сайлау округі бойынша Пятимар ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44- бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жаңақала ауданының Пятимар ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 767 азамат енгізілді, оның – 585 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 17, «Барлығына қарсы» - 10.
Әр бір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Еслямғалиев Е.Қ. - 210 (37,63%)
Жанболатов Т.Ж. - 2 (0,35%)
Рамазанов Б.С. - 346 (62,01%)
Рамазанов Бауыржан Сакенұлы - 1964 жылы туған. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны. Уақытша жұмыссыз. Өзін-өзі ұсынған. Ұлты қазақ. Пятимар ауылдық округінің әкімі болып сайланды.