Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 10 қарашадағы №61/105 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» қаулысына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 44-бабын басшылыққа ала отырып, Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2012 жылғы 15 қаңтардағы Жаңақала аудандық мәслихатына депутаттарды сайлау қорытындысын жариялайды.
№1 Бірлік сайлау округі бойынша тізімдегі 1048 сайлаушының 1037-і дауыс беруге қатысты, 12 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Қасымов Құбайдолла Жанұзақұлын жақтап 141 сайлаушы, Ешімов Қанат Мұхтарұлын жақтап 697 сайлаушы, Ғиниетуллин Айдос Ғиниетоллаұлын жақтап 187 сайлаушы дауыс берді.
Ешімов Қанат Мұхтарұлы 1966 жылы туған, «Бірлік мал зауыты» ЖШС-ның директоры. Бірлік ауылының тұрғыны. 2012 жылдың 15 қаңтарында Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№2 Жаңажол сайлау округі бойынша тізімдегі 1151 сайлаушының 1144-і дауыс беруге қатысты, 9 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Оразалиев Асқар Бақытұлын жақтап 134 сайлаушы, Қайрлиев Мейрам Бақтығалиұлын жақтап 859 сайлаушы, Сахметов Нұрлан Мұратұлын жақтап 142 сайлаушы дауыс берді.
Қайрлиев Мейрам Бақтығалиұлы 1966 жылы туған, шаруа қожалығының басшысы, Жаңажол ауылының тұрғыны. 2012 жылдың 15 қаңтарында Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№3 Жаңақазан сайлау округі бойынша тізімдегі 1210 сайлаушының 1198-і дауыс беруге қатысты, 35 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Байрамғалиев Бақытжан Абдешұлын жақтап 152 сайлаушы, Оңаев Айдынғали Жолдығалиұлын жақтап 863 сайлаушы, Жолаев Асланбек Нұрболатұлын жақтап 148 сайлаушы дауыс берді.
Оңаев Айдынғали Жолдығалиұлы 1966 жылы туған, шаруа қожалығының басшысы, Жаңақазан ауылының тұрғыны. 2012 жылдың 15 қаңтарында Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№4 Жуалыой-Мұқыр сайлау округі бойынша тізімдегі 1159 сайлаушының 1134-сы дауыс беруге қатысты, 21 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Әлмұқанов Қазбек Қуанышұлын жақтап 219 сайлаушы, Сисенғали Закария Жүсіпқалиұлын жақтап 772 сайлаушы, Казиев Жасталап Сержанұлын жақтап 122 сайлаушы дауыс берді.
Сисенғали Закария Жүсіпқалиұлы 1957 жылы туған, Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары. Жаңақала ауылының тұрғыны. 2012 жылдың 15 қаңтарында Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№5 Көпжасар сайлау округі бойынша тізімдегі 1177 сайлаушының 1154-і дауыс беруге қатысты, жарамсыз бюллетень болған жоқ.
Мұқанғали Қаршыға Қадыралыұлын жақтап 307 сайлаушы, Сүйінов Жамбыл Қожантайұлын жақтап 672 сайлаушы, Жетпісов Атош Қуанұлын жақтап 175 сайлауы дауыс берді.
Сүйінов Жамбыл Қожантайұлы 1973 жылы туған, шаруа қожалығының басшысы. Көпжасар ауылының тұрғыны. 2012 жылдың 15 қаңтарында Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№6 Қисыққамыс сайлау округі бойынша тізімдегі 1250 сайлаушының 1232-і дауыс беруге қатысты, 3 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Қайырғалиева Ира Сәкенқызын жақтап 232 сайлаушы, Көбесова Оразкүл Үсіпбекқызын жақтап 740 сайлаушы, Қойшекенов Тимур Төлеуғалиұлын жақтап 110 сайлаушы, Сабенов Хамит Зейноллаұлын жақтап 147 сайлаушы дауыс берді.
Көбесова Оразкүл Үсіпбекқызы 1962 жылы туған, аудандық туберкулез ауруханасының бас дәрігері. Жаңақала ауылының тұрғыны. 2012 жылдың 15 қаңтарында Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№7 Гагарин сайлау округі бойынша тізімдегі 1176 сайлаушының 1157-сі дауыс беруге қатысты, 7 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Баязиев Амандық Амангелдіұлын жақтап 251 сайлаушы, Жардемалиев Серік Жүсіпбекұлын жақтап 645 сайлаушы, Жақсымбетов Жасұлан Мұстажапұлын жақтап 254 дауыс берді.
Жардемалиев Серік Жүсіпбекұлы 1961 жылы туған, №8 кәсіптік лицей директоры. Жаңақала ауылының тұрғыны. 2012 жылдың 15 қаңтарында Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№8 Қызылоба сайлау округі бойынша тізімдегі 1073 сайлаушының 1066-і дауыс беруге қатысты, 10 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Жұмағазиев Асқар Ғалымжанұлын жақтап 202 сайлаушы, Жағыпаров Бекболат Хафизұлын жақтап 694 сайлаушы, Сағитова Палина Махамбетқызын жақтап 160 сайлаушы дауыс берді.
Жағыпаров Бекболат Хафизұлы 1968 жылы туған, «Хафиз» шаруа қожалығының басшысы. Қызылоба ауылының тұрғыны. 2012 жылдың 15 қаңтарында Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№9 Мәстексай сайлау округі бойынша тізімдегі 1070 сайлаушының 1055-сі дауыс беруге қатысты, жарамсыз бюллетень болған жоқ.
Жұмағалиев Бақтығали Зинурұлын жақтап 163 сайлаушы, Қайырғалиев Максим Сәкенұлын жақтап 623 сайлаушы, Жұмағалиева Рая Рахымқызын жақтап 269 сайлаушы дауыс берді.
Қайырғалиев Максим Сәкенұлы 1960 жылы туған, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Жаңақала аудандық газ пайдалану учаскесінің мастері. Жаңақала ауылының тұрғыны. 2012 жылдың 15 қаңтарында Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№10 Меңдешев сайлау округі бойынша тізімдегі 1100 сайлаушының 1096-ы дауыс беруге қатысты, 6 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Садыр Қаныш Жасқайратұлын жақтап 96 сайлаушы, Әбуғали Шаһидолла Ишанғалиұлын жақтап 896 сайлаушы, Бердекенов Нұржан Рахметұлын жақтап 98 сайлаушы дауыс берді.
Абуғали Шаһидолла Ишанғалиұлы 1955 жылы туған, Жаңақала аудандық электр торабының бастығы. Жаңақала ауылының тұрғыны. 2012 жылдың 15 қаңтарында Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№11 Пятимар сайлау округі бойынша тізімдегі 1056 сайлаушының 1051-і дауыс беруге қатысты, 20 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Атауов Сұңғат Жүсіпбекұлын жақтап 313 сайлаушы, Мұханов Жұмахмет Хасанғалиұлын жақтап 532 сайлаушы, Валиев Болат Шайхоллаұлын жақтап 186 сайлаушы дауыс берді.
Мұханов Жұмахмет Хасанғалиұлы 1961 жылы туған, «Кошпан» шаруа қожалығының басшысы. Пятимар ауылының тұрғыны. 2012 жылдың 15 қаңтарында Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№12 Жаңақала сайлау округі бойынша тізімдегі 1193 сайлаушының 1167-і дауыс беруге қатысты, жарамсыз бюллетень болған жоқ.
Мырзашева Айымгул Сансызбайқызын жақтап 418 сайлаушы, Саматов Рухолла Аманғалиұлын жақтап 749 сайлаушы дауыс берді.
Саматов Рухолла Аманғалиұлы 1958 жылы туған, аудандық мәслихаттың төртінші шақырылымының хатшысы. Жаңақала ауылының тұрғыны. 2012 жылдың 15 қаңтарында Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
төрағасы М.Жұмалиев
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
хатшысы Е.Танзенов