Алғашқы еңбек жолымды 1997 жылы ауылымдағы «Айдархан» ЖШС-де құрылысшы болып бастадым, кейін осы серіктестікте автокөлік жүргізушісі болып, 2000 жылға дейін жұмыс жасадым. 2002-2004 жылдары Орал қаласындағы «Нива» санаториясының қауіпсіздік қызметінің қызметкері, 2004-2005 жылдары М.Өтемісов ат.БҚМУ №4 оқу ғимаратында қауіпсіздік қызметінің қызметкері болып қызмет атқарып, 2005 жылдың қазан айынан 2021 жылдың шілде айына дейін Айдархан ЖОББМ-де дене тәрбиесі пәні мұғалімі болып қызмет атқардым.2021 жылдың 29 шілдесінен бастап Жаңажол ауылдық округі әкімі болып қызмет атқарудамын. 2006 жылдан Жаңақала аудандық БЖСМ-де қазақ күресінен жаттықтырушы қосымша қызмет атқардым, Қазақ күресінен ұлттық дәрежедегі төреші және облыстық «Бәйге» федерациясы Жаңақала аудандық федерациясының президенті болып қоғамдық жұмыстар атқардым.