Буллингтен өзіңді қалай қорғауға болады?» тақырыбындағы психологиялық тренинг өтті.

Ағымдағы жылдың 10 қазан күні БҚО қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «ҒАСЫР» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар арасында құқықбұзушылыққа төзбеушіліктің, нашақорлықтың, синтетикалық есірткінің таралуының, құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу және жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың, жыныстық қол сұғушылықтың алдын-алуға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы аясында «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу,таныту. Жасөспірім қыздар арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайлардың алдын алу, жастарды сыйластыққа, бір -бірін қолдауға тәрбиелеу мақсатында «Буллингтен өзіңді қалай қорғауға болады?» тақырыбында психолог маман - Омарова Баян Конаровнаның қатысуымен психологиялық тренинг өткізілді.