«ЖАҢА ТОЛҚЫН-2023» студенттер фестивалі өткізілді.

2023 жылдың 14 қараша күні Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Орал студенттер Альянсы» Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен облыстық «ЖАҢА ТОЛҚЫН-2023» студенттер фестивалі өткізілді. «ЖАҢА ТОЛҚЫН» – бұл студенттік шығармашылықты қолдау және дамыту, жалындаған жастардың күш-қуаты. Төрт жоғары оқу орыны сынға түсетін шығармашылық фестивалде жастар 11 аталым бойынша сынға түсіп, үздіктер анықталды. Үздік атанған Жоғары оқу орындары:
1-орын: Жәңгір хан атындағы БҚАТУ;
2-орын: ҚАЗИИТУ;
3-орын: БҚИТУ.
Жеңімпаздармен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және жеңімпаз кубогымен марапатталды.