«Орал - жастар көзімен» квест ойындары өтті

«Орал - жастар көзімен» квест ойындары өтті

2023 жылдың 19 мамыры күні Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Орал студенттер Альянсы» Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Орал жастар көзімен» атты квест ойындары өтті. Квест ойының мақсаты волонтерлерге тарихи қазынасы мол Орал қаласы туралы ақпараттар беру және волонтерлік ұйымдар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Ойынға қатысушылар әртүрлі қызықты жұмбақтарды, логикалық есептерді, лото тапсырмалардың жауаптарын шешу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, креативті ойлау қабілеттерін қалыптастыру мақсатындағы зияткерлік тапсырмаларды орындады.