«Қарттарым асыл қазынам» акциясы өтті

«Қарттарым асыл қазынам» акциясы өтті

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Осы күндері елімізде 2,3 миллионнан астам қарт бар. Аталған мерекенің мақсаты – қарттардың қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін құрметтеу, олардың мәселелері мен қажеттіліктеріне және өмір сапасын арттыруға назар аудару әрі қамқор болуды көздейді.Мерейлі мерекеге орай Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Орал студенттер Альянсы» Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Ұлы отан соғысы ардагерлерінің ардагерлеріне және тыл ардагерлерін мерекемен құттықтау мақсатында «Қарттарым асыл қазынам» акциясы өткізілді. Акция барысында 6 ардагерді мерекемен азаматтық қоғам өкілдері, волонтерлер, жастар құттықтап, тәтті толтырылған қоржын сыйлады.