«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Бөкейордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Тасқала, Теректі, Сырым, Шыңғырлау аудандары бойынша таратылатын мерзімді басылымдары (газет, журналдар), электрондық БАҚ (телеарналар, радиоарналар), интернет-ресурстары арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімі бар конвертер Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 19 (Нұр Отан ғимараты), 304-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ 2022 жылғы 05 сәуір, сағат 18.30-ға дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 19 (Нұр Отан ғимараты), 205-кабинет мекенжайы бойынша 2022 жылғы 06 сәуір, сағат 10.00-де ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (болған жағдайда) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (болған жағдайда) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: (субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және « (тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 45-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.
2022 жылға арналған Ақжайық ауданының тақырыптық бағыттарының атауы
2022 жылға арналған Бәйтерек ауданының тақырыптық бағыттарының атауы
2022 жылға арналған Бөкейордасы ауданының тақырыптық бағыттарының атауы
2022 жылға арналған Бөрлі ауданының тақырыптық бағыттарының атауы
2022 жылға арналған Жаңақала ауданының тақырыптық бағыттарының атауы
2022 жылға арналған Жәнібек ауданының тақырыптық бағыттарының атауы
2022 жылға арналған Казталов ауданының тақырыптық бағыттарының атауы
2022 жылға арналған Қаратөбе ауданының тақырыптық бағыттарының атауы
2022 жылға арналған Сырым ауданының тақырыптық бағыттарының атауы
2022 жылға арналған Тасқала ауданының тақырыптық бағыттарының атауы
2022 жылға арналған Теректі ауданының тақырыптық бағыттарының атауы
2022 жылға арналған Шыңғырлау ауданының тақырыптық бағыттарының атауы