Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің орынбасары (уақытша негізгі қызметкердің 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін оқу демалысында болу кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Теректі ауданы әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

Е-1 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3,  C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Өнер
  • Тілдер және әдебиет
  • Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
  • Бастапқы әскери дайындық
  • Музыкалық білім
  • Бейнелеу өнері және сызу
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Философия
  • Халықаралық қатынастар
  • Мәдениеттану
  • Филология
  • Дінтану
  • Археология және этнология
  • Шығыстану
  • Шетел филиологиясы
  • Теология
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Менеджмент
  • Халықаралық журналистика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қоғамдық байланыс
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Кітапхана ісі
  • Жалпы медицина
  • Мемлекеттік аудит
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Конфликтология
  • Исламтану
  • Спорт менеджменті
  • Тарих-Дінтану
  • Мемлекеттік басқару
  • Өңірлік даму
  • Мемлекеттік саясат

Функционалды міндеттер

Аймақтык деңгейде ішкі саясатты, жастар саясатын іске асырады. Аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық-саяси және діни бірлестіктердің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Мәдениет пен өнер, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі, туризм және спорт салаларындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың, қылмыстық жазалауды атқаратын мекемелердің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, қоғамдық және аймақтық бірлестіктермен, саяси партиялармен және шығармашылық одақтармен өзара байланысты жүзеге асырады. 

            Кедейшілік пен жұмыссыздықты азайтуға жауапты болып табылады. Жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдердің барлық түрлерінің, уақытында және толық төленуіне бақылау жасайды. Тұрғын халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, көші-қон және демографиялық саясат, зейнетақымен қамтамасыз ету меселелерін шешеді. Отбасылық-демографиялық саясат, гендерлік саясат. Жетекшілік жасайтын салалары бойынша бюджеттік қаржыны мақсатты, тиімді және дер кезінде игеруді бақылауда ұстайды.

 Жетекшілік ететін салалары бойынша:

-Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Үкіметтің, облыс әкімінің тапсырмаларының орындалуын;

-мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, іске асырылуын қамтамасыз етеді.

            Жетекшілік ететін салаларында «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» секілді мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуын бақылайды.

            Мерзімді әскери тіркеу және қызметке шақыруды ұйымдастыру, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмыстарын үйлестіреді.

            Теректі ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жетекшілік етеді.

            Аудандық мансап орталығы, аудандық мұрағат, аудандық санитарлық-эпидемиология басқармасы, аудандық қорғаныс істері бөлімі, аудандық білім беру бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі, денсаулық сақтау ұйымдары, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, аудандағы халыққа қызмет көрсету орталықтарымен жұмыстарды үйлестіреді.

          Жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштері мен өзге де жүгінулерін қарайды.. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.09.2025 – 08.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

11.09.2025

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

87112240630