Теректі ауданы әкімінің көмекшісі

Мемлекеттік орган

Теректі ауданы әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

E-3

Орташа лауазымдық айлықақы

112730 - 152017

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  7. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Өнер
  • Құқық
  • Ветеринария
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Мәдениеттану
  • Дінтану
  • Шығыстану
  • Теология
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Журналистика
  • Қоғамдық байланыс
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Әскери іс және қауіпсіздік (білім саласы)
  • Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (білім саласы)

Қосымша талаптар

Құзыреттер бойынша талаптар Е-3 санаты үшін: мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Функционалды міндеттер

Заңдылықты, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың бостандықтары мен мүдделерін қорғаудың жай-күйіне талдау жасауға қатысу, құқықтық  тәртіпті нығайту мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, өкімдерінің, Үкімет қаулыларының, басқа да республикалық нормативтік актілердің, аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау; Аудан әкiмiнiң, аудан әкiмі аппаратының және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң  қызметiн жарықтандыру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау.Баспасөз релиздерін, баспасөз-конференцияларын, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен аудан әкімінің кездесулерін дайындау. Аудан әкімдігі мен аудан әкіміне қатысты бұқаралық ақпараттар құралдарында жарияланған материалдарға мониторинг жүргізу және аудан әкімін хабардар ету.Әкімнің аса маңызды сапарларын ақпараттық жарықтандыру. Мемлекеттік қызметшілер туралы жағымсыз материалдар, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық көріністері фактілері туралы БАҚ-тардағы жарияланымдарға қатысты қолданылған шаралар жөнінде ақпарат беру. Оның жұмыс жоспарына сәйкес аудандық терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырыстарын дайындау; Ауданның терроризмге қарсы комиссиясы жанындағы жұмыс тобының  отырыстарына материалдар дайындау; Бекітілген ақпараттық қажеттіліктер тізбесіне сәйкес ауданның терроризмге қарсы комиссиясының жұмысына қажетті материалдарды жинақтап-қорыту; Баяндамаларды, ақпараттарды, құқықтау сөздерді дайындау; аудан әкімінің төрағалығымен өтетін комиссиялардың өткізілуін дайндау, қамтамасыз ету, бақылау; Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.Өз өкілеттігі шеңберінде жеке  және  заңды тұлғалардың арыз-өтініштері мен өзге де жүгінулерін қарайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.07.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.07.2020 – 21.07.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

27.07.2020

Сұхбаттасу орны

Теректі ауданы әкімінің аппараты, 091100, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылы, Сұңқар көшесі №18

Анықтама алу үшін байланыс

8(71132) 21374