«БАСПАСӨЗГЕ ЖАЗЫЛУ — БАСТЫ НАЗАРДА»

«БАСПАСӨЗГЕ ЖАЗЫЛУ — БАСТЫ НАЗАРДА»

Интернет үстемдік құрған заманда газеттің болашағы жоқ дегенді де естиміз. Бірақ,«Теректі жаңалығы» газеті көтерген мәселенің шешілмей қалған күні жоқ. Газет бетінде жарияланған әр қызықты мақалаға тақырып ұсынатын халықтың өзі. Елдің тағдырына бей-жай қарамаған газет арқылы айтулы мәселелер көтерілді, өңір өмірі — осы басылым беттерінде.

Қазіргі уақытта басылымға жазылу науқаны жалғасуда. Осы орайда Теректі ауданының әкімі Тілекқабыл Габдушев бас болып басылымға жазылды.

— Жалпы, бүгінгі таңда баспасөзге жазылу — басты назарда. Жазылуға кеңес беріп отырған «Теректі жаңалығы» газеті ақпаратты түрлендіріп емес, оқырманына нақты дерек көзінен алып беретін, шынайы, тексерілген мәліметті жариялап келе жатқан газет. Мемлекет басшысының жүргізген саясатының дұрыс бағалануына, сол арқылы қоғамдық пікірдің қалыптасуына үлес қосушы баспа құралы. Кітап оқудан алшақтап, ойын қағаз бетіне түсіре алмайтын ұрпақ өсіп келе жатқан кезде газеттен бас тартуға болмайды. Газет болған, бар, бола бермек, — деді өз сөзінде. Сондай-ақ, эстафета ретінде әрі қарай орынбасарлары — Амангелді Тугузбаев, Ержан Досмақов және Дамир Гумаровқа жолдады.

Қымбаттты оқырман, басылымға жазылу «Қазпошта» АҚ арқылы:

Жеке тұлғалар үшін – 2957 теңге 60 тиын (6 айға);

4195 теңге 20 тиын (1 жылға). Индекс: 65882.

Заңды түлғалар үшін – 3657 теңге 60 тиын (6 айға);

6115 теңге 20 тиын (1 жылға). Индекс: 66882.