ТҰҒЫРНАМА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Теректі аудандық Достық үйі ғимаратында «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының кезектен тыс XXXVI конференциясы өтті. Оған филиал төрағасы, аудан әкімі Тілекқабыл Габдушев төрағалық етті. Жиынға аудандық мәслихаттың депутаттары, партия белсенділері, бөлім басшылары, мекеме қызметкерлері мен жас мамандар қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «AMANAT» партиясының жаңа саяси тұғырнамасын талқылау. Осы орайда сөз алған «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев тұғырнама негізінде баяндама жасады.