ПАРТИЯЛЫҚ ҚАБЫЛДАУ

Бүгін «AMANAT» партиясының Теректі аудандық филиалының қабылдау бөлмесінде азаматтарды қоғамдық қабылдау өтті.
Филиал төрағасы, аудан әкімі Тілек Габдушев бастаған топ құрамында аудандық филиалдың атқарушы хатшысы М.Ибраев, аудан әкімінің орынбасары Е.Досмақов, аудан әкімі аппаратының басшысы М.Еркибаев және аудандық дербес бөлімдер басшылары мен ауылдық округі әкімдері болды.
Қабылдауға келген Ақсуат ауылының тұрғыны Қ. Кенжебаев ауыл ішінде жайылып жүрген малдар мәселесін қозғады. Подстепныйлық Ж. Катчикова мал жайылымына жер тарлығын айтты. Л. Липатникова мен В. Полещук тұрақты жұмысқа орналасуға көмек сұрайды. А. Исмағамбетова тұрғын үйге мұқтаж көрінеді. Д. Бирюков мүгедектік алу бойынша кеңес сұрай келді.
Әр адамның өтініш-шағымын тыңдаған аудан әкімі Тілек Александрұлы тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар беріп, орындалуын өзінің бақылауында ұстайтынын ескертті.