Теректі аудандық №2 ауруханасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша қоғамдық бақылау жүргізілді

Теректі аудандық №2 ауруханасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша қоғамдық бақылау жүргізілді

Ағымдағы жылдың 16 маусым күні Теректі ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы А.Байжумашеваның және бас инспектор А.Умаргалиеваның, Теректі аудандық мәслихат депутаты, Теректі ауданының жастармен жұмыс жөнінідегі ресурстық орталығының басшысы,аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Н.Аткееваның қатысуымен Теректі аудандық №2 ауруханасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша қоғамдық бақылау жүргізілді.

Қоғамдық бақылау барысында аталмыш мекемеде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында пандус, арнайы қоңырау батырмасының орнатылуымен, мекемеге келген қызмет алушыларға арналған «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының» жұмыс істеп тұруына бақылау жүргізілді.