Азаматтарды онлайн қабылдау өткізілді

Азаматтарды онлайн қабылдау өткізілді

2021 жылғы 22 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғ.Тұрсынбаев Теректі ауданының тұрғындарына арналған ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында негізінен штатты қысқарту және мемлекеттік қызметтер бойынша сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді. Сонымен қатар, азаматтар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты бірқатар ұсыныстар келіп түсті, олар бойынша Департамент өз құзыреті шегінде жұмыс істейтін болады.