Теректі ауданы әкімдігінің iKOMEK109 Бірыңғай байланыс орталығы

БҚО Теректі ауданы әкімдігінің iKOMEK109 Бірыңғай байланыс орталығы коммуналдық кәсіпорындардың барлық байланыс орталықтарын біріктіріп, 24\/7 режимінде жұмыс істейтін аудан тұрғындарымен байланысатын бірыңғай нүкте болып табылады. IKOMEK109 орталығы қызметінің негізгі бағыттары тұрғындардың өтініштерін қабылдау, болған оқыс оқиғаларды, аварияларды шешу кезінде коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіру, оқыс оқиғалардың уақтылы жабылуын бақылау, құқық бұзушылық инциденттерін анықтау және өңдеу, алдын алу шаралары саясатын құру, сондай-ақ қаладағы жағдайды қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы "осы жерде және қазір" режимінде жедел бақылау болып табылады.өтініштер өңделеді және тіркеу нөмірі беріле отырып, тұрғындар өтініштерінің тізіліміне енгізіледі және одан әрі мәселені белгіленген мерзімде шешу үшін мемлекеттік органдарға, Коммуналдық қызметтерге беріледі.