Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылдың 14 қыркүйек күні Шағатай ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
1. Ахметкалиев Нуржан Халиоллиевич, 1978 жылы туылған, «Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, бас маманы, Теректі ауданы Ақжайық ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
2. Мутиев Рустем Сейтонович, 1977 жылы туылған, «Орал қаласының Зачаган кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы, Орал қаласында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық филиалы ұсынды;
3. Рахматуллина Бактыгул Тельмановна, 1981 жылы туылған, ««Теректі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, құжатттамалық қамтамасыз ету және шаруашылық жұмысы бөлімінің бас маманы, Теректі ауданы Долин ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Б.Кенжегулов,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы