Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес 2022 жылғы 08 қыркүйек күні өзін-өзі ұсынумен: Шағатай ауылдық округі әкіміне кандидаттар: Ахметкалиев Нуржан Халиоллиевич пен Рахматуллина Бактыгул Тельмановна, «AMANAT» партиясының ұсынуымен: Мутиев Рустем Сейтонович аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды.
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Шағатай ауылдық округі әкіміне кандидаттың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкестігін анықтайтын болады.
Б.Кенжегулов,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы