Меню

Страницы

Статья

Теректі ауданы әкімінің "Теректі ауданы бойынша мүгедектер үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы"жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Теректі ауданы әкімінің "Теректі ауданы бойынша мүгедектер үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы"жобасына.

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 болып тіркелген), аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Теректі ауданы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін:

1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

2) бір жүзден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

3) екі жүз елу бірден астам адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.

  1. Теректі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 297 "Теректі ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4902 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Байғазиевке жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қаулы 2022 жылғы 07 сәуірде "E-gov" ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған. (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14061014)

Дата публикации
13 апреля 2022
Дата обновления
13 апреля 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

17 октября 2026
ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
17 октября 2026
Теректі ауданы аумағындағы сайлау учаскелері
17 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы