Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялықзаңының 113-1-бабына сәйкес 2021 жылдың 28 қараша күні Шалқар ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялықзаңының 14-бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 02 желтоқсандағы №39 шешімімен Шалқар ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:
Шалқар ауылдық округі бойынша – Мусин Сабырбек Аманбекұлы, 1982 жылы туылған, жұмыссыз, Теректі ауданының Сарыөмір ауылында тұрады, өзін - өзі ұсынды.
Б.Кенжегулов,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы