Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес 2021 жылғы 17 қараша күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Шалқар ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғанын хабарлайды.
Теректі ауданы бойынша барлығы 4 кандидат ұсынылды, барлығы өзін-өзі ұсынғандар.
Ағымдағы жылғы 17 қарашадағы сағат 18:00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді (75%), 1 кандидатты тіркеуден бас тартылды (25%).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ресми ақпарат 2021 жылғы 23 қарашадағы №47 аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси газетінде жарияланатынын хабарлайды.
Б.Кенжегулов,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы