Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес 2021 жылғы 12 қараша күні жергілікті уақытпен сағат он сегізде Шалқар ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанын хабарлайды.
Теректі ауданы бойынша барлығы 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 4 (100%) - өзін-өзі ұсынумен, 3 (75%) кандидаттың сәйкес келетіндігі, 1 (25%) кандидаттың сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Ағымдағы жылғы 12 қарашадағы жағдай бойынша 2 кандидат тіркелді (50%).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси газетінде жарияланатын болады.
Б.Кенжегулов,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы