Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 12 қараша күні Шалқар ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
1. Нурушева Айнур Бахитжановна, 1989 жылы туылған, «Теректі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік қызмет мониторингі және ақпараттандыру бөлімінің бас инспекторы, Теректі ауданы Федоровка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
2. Юмабаев Алмас Бериккалиевич, 1995 жылы туылған, «Теректі мал жәрдемі» шаруашылық жүргізу құқығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында директордың орынбасары, Орал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Б.Кенжегулов,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы