Меню

Страницы

Статья

Слова акима района

1

Дорогие теректинцы!

Сердечно поздравляю православных христиан и всех теректинцев с большим и светлым праздником - Рождеством Христовым!

В нашей стране, где испокон веков бок о бок, в мире и согласии живут представители разных вероисповеданий и национальностей, Рождество стал общенародным праздником, утверждающим мир и межконфессиональное согласие.

Рождество приносит радость в дома миллионов людей и призывает человека к добру, состраданию, любви. Это время благотворительности и милосердия, искреннего внимания ко всем, кто нуждается в помощи и заботе.

В этот день хочу выразить признательность и благодарность за неустанный труд каждого из Вас на благо нашей Родины, добрые дела, мудрые помыслы и светлые идеи.

Пусть этот праздник подарит нам тепло любви и дружбы, свет высокой духовности.

От всей души желаю вам и вашим семьям крепкого здоровья,  добра, благополучия.

Пусть исполнятся все ваши мечты и пожелания!

Счастливого Рождества!

 

Аким Теректинского района Арман УТЕГУЛОВ

 

 

2

Құрметті теректіліктер!

Баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Алғыс айту күні – Қазақстанның тағдыр тоғыстырған көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу және  қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.

Қазақстандағы 100-ден аса этностың әрқайсысы өзінің қайталанбас өрнегін салуының нәтижесінде біз біртұтас ұлтқа айналдық. 29 ұлттың өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатырған біздің Теректі ауданы  да болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді.

Дорогие земляки!

От всего сердца поздравляю вас с 1 марта – Днем благодарности!

Этот день важен для нас.  Каждый человек за добрые поступки в этот день получает благодарность, а также выражает свою признательность за оказанную ему помощь и поддержку.

Это день глубокой признательности гостеприимному казахскому народу, который принял и обогрел представителей самых разных народов, насильно переселенных на казахскую землю и нашедших здесь вторую Родину. В те суровые годы, несмотря на лишения и страдания, казахский народ разделил с ними все печали и невзгоды, показав пример истинного гуманизма и человеколюбия.

Құрметті аудан тұрғындары!

Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын бүгінгі мереке құтты болсын!

Еліміздің біртектілігі мен бірлігі нығая берсін!

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға қуаныш, бақыт тілеймін!

 

Теректі ауданының әкімі Арман ӨТЕҒҰЛОВ

 

 

3

Ардақты аналар, аяулы қарындастар!

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күні Сіздерге барлық тілек, жылы лебіз арналады.

Бұл жалғандағы бар жақсылық атаулы – махаббат, отбасы, мейірім сіздермен үндеседі. Шексіз қамқорлықтарыңыз арқасында үйіміз береке мен бірлікке толы, балаларымыздың дені сау.

 

Дорогие женщины! Наши матери и сестры!

На сегодня, пожалуй, нет такой среды, где бы не трудились представительницы прекрасного пола. С одинаковым умением, профессионализмом вы управляетесь и дома, и на работе. При этом вы остаетесь заботливыми женами, ласковыми матерями, добрыми бабушками. Огромное спасибо за вашу любовь, за ваш нелегкий труд!

Әр шаңыраққа бақыт, әр үйге ырыс орнасын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Ізгі ниетпен,  Теректі ауданы әкімі Арман ӨТЕҒҰЛОВ

 

4

Құрметті теректіліктер!

Еліміздегі мерекелер қатары 14 наурыз – Көрісу (Амал) дәстүрімен толыққаны баршаңызға мәлім. Батыс өңірдің белгілі бір бөлігінде ғана сақталып, атадан балаға мұра боп жеткен қасиетті мереке қалың қазақпен қайта қауышты деуге толық негіз бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі мерекелер тізбегінде көрісу күнін ерекше атап өтуі – осының айғағы. Қай кезеңде, қай елде болмасын дәстүр мен салттың озығын ұлықтап, тозығын ұмытып отырған. Дархан қазақтың ұлттық таным-тәрбиесінің ұялатын тұсы жоқ. Ұлықтап, ұрпақ жадында жаңғыртатын жәдігерлеріміз жетерлік. Бүгінгі келіп жеткен көрісу күні де осындай ұлық мерекеміздің бірі. Ескіше санақпен көктемнің алғашқы күндеріне тұспа-тұс келетін мейрамның тәрбиелік тұсы зор. Жер бусанып, дала төсі қыс құрсауынан босап жатқан кезде ағайын-туыс бір-бірімен шұрқырай амандасып, төс түйістіріп көрісіп, өкпе-ренішті өткен жылда қалдырып, жаңа жылға жаңаша қадам басқан.

Ардақты ағайын!

Көрісу – қазақ халқының өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайтын ерекше үрдістерінің бірі.

Ұлыстың ұлы күніне жалғасатын көрісу мерекесі құтты болсын! Жастан жасқа аман жетейік!

Ізгі тілекпен,

Теректі ауданы әкімі                                    Арман ӨТЕҒҰЛОВ

 

5

Құрметті теректіліктер!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын.

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз Наурыз  - дана халқымызды қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Дорогие теректинцы!

Наурыз – это не только праздник встречи Нового года по древнему обычаю, это праздник обновления и гармоничного единения между людьми и природой.

В этом году, по инициативе Президента РК Касым-Жомарта Токаева, мы начали весений праздник отмечать более содержательно и широко. В течение 10 дней, с 14 марта по 23 марта  мы празднуем дни национальной идентичности, благополучия и единства.

И пусть в эти дни,  когда природа радуется весеннему теплу, праздник войдет в ваш дом хорошим весенним настроением, щедрым дастарханом и радостью.

Желаю каждой семье счастья, здоровья  и благополучие!

Қадірлі жерлестер!

Елімізге амандық, әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, дендеріңізге саулық тілеймін! Өркендеу жолында игі бастамалар көп болсын!

Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!

 

Теректі ауданы әкімі Арман ӨТЕҒҰЛОВ

 

6

Құрметті жерлестер!

Барша аудан тұрғындарын Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан – он екі айдың сұлтаны. Күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті, рухани жаңғыратын, қадірі мен қасиеті мол рақым айы.

Осы айда ораза тұтқан баршаңыздың ниетіңізбен дұға-тілегіңіз қабыл болсын!

Жұртымыз тыныш, тәуелсіз еліміздің мәртебесі асқақтап, ынтымағымыз жараса берсін!

 

Құрметпен,

Теректі ауданының әкімі Арман КӘРІМҰЛЫ

 

7

Құрметті теректіліктер!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің байтақ жеріміз ондаған ұлт, мыңдаған адам үшін алаңсыз өмір сүріп, еңбек ететін елге, сүйікті Отанына айналды.

«Ырыс алды – ынтымақ» деп, ұлт-ұлысқа бөлмей, кең құшағына сыйғызған Қазақстан – тату тірлігімен, жарасқан бірлігімен әлемге танылған ел.

 

Уважаемые теректинцы!

Поздравляю вас с большим и светлым праздником – Днем единства народа Казахстана!

День единства – один из важнейших праздников Казахстана. Единство, мир и согласие народа является основой благополучия и процветания нашей родины.

На протяжении веков на нашей земле перекрещивались судьбы многих народов - носителей различных культур, религий и традиций. Исторически сложилось, что Теректинский район – один из самых многонациональных в регионе. Здесь в согласии живут представители около 30 национальностей. Деятельность наших национально-культурных центров по сохранению традиций, языка, культуры этих народов органично вписывается в общее русло укрепления межнациональных отношений. Мы стали единым целым. Благодаря этому мы смогли пройти через трудности и создать стабильно развивающийся район.

 

Ардақты ағайын!

Бірлігі бекем елдің ынтымағы, халқының достығы мен бауырмалдығы бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық .

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында жұмылып, аянбай еңбек етейік.

Талай сындардан абыроймен өткен, рухы биік, ынтымағы берік Теректі халқының қандай істе болса да табысқа жетеріне сенімім мол.

Сіздерге мерекелік көңіл-күй, мықты денсаулық, барлық мақсатты істеріңіз бен ізгі бастамаларыңыздың орындалуын тілеймін.

 

Құрметпен, Теректі ауданының әкімі Арман Өтеғұлов

 

8

Құрметті теректіліктер!

Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен және Отан қорғаушылар мерекесімен   құттықтаймын!

9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні майдангерлер мен тыл ардагерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жемісі. Адамзат есінде қалған  сұрапыл соғыс жылдары тарихын ұлықтайтын ұрпақ барында ұмытылмақ емес. Сын сағатта омырауын оққа тосқан батыр бабаларымызды ұлықтап, есімдерін ұрпақ жадында қашанда жаңғырта беру – біздің перзенттік борышымыз.

7 мамырда сол батырлардың бүгінгі жалғасы – Отан қорғаушылар күнін атап өтеміз.

«Ер – елінің қорғаны» деген.  Байтақ даласын қорғаған бабалар жолын жалғастырушы,  елі үшін күн-түн демей жүрген ержүрек жандар арқасында біздің елімізде бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған.

 

Дорогие земляки!

Поздравляю Вас с Днем Великой Победы и  Днем защитников Отечества!

Все дальше  от нас Победные залпы весны 45-го. Для нашей страны 9 мая был и навсегда останется священным праздником,  который окрыляет и возвышает всех нас.

В годы Великой Отечественной войны сражались с фашистами свыше десяти тысяч солдат, сержантов и офицеров из Теректинского района.

В те суровые годы теректинцы не только храбро воевали, но и самоотверженно трудились в тылу. Лозунг «Всё для фронта, всё для победы!» был смыслом жизни тех, кто трудился в тылу и своих плечах вынес все тяготы военных лет.  После войны они поднимали из руин страну, не жалея здоровья и сил.

И сегодня наш святой долг – помнить о  великих подвигах и о нынешних нуждах старшего поколения. Забота должна дойти до каждого нашего ветерана, ковавшего Победу. Мы окружаем заботой единственного  нашего  фронтовика Александра Этманова и 332 тыловика.

 

Уважаемые ветераны!

Огромная наша  благодарность и низкий поклон за то, что вы, не щадя своей жизни, отстояли нашу Родину.

Вы не дрогнули перед лицом жестокого и сильного врага. Вы показали достойный пример служения своему народу, родной земле. И Победа стала главной наградой за пережитые Вами тяготы и лишения, за подвиги и потери. Без Вашей Победы, героизма и мужества не состоялась бы и независимость Казахстана.

Вечная память погибшим, вечная слава живым солдатам Великой Отечественной!

Спасибо за Ваш солдатский подвиг, за подаренный мир.

Честь и хвала защитникам Отечества!

 

Қадірлі жерлестер!

Елімізде бейбіт өмір мен келісім, тұрақтылық пен тыныштық әрдайым салтанат құра берсін! Әр отбасына амандық, әр шаңыраққа ырыс-береке  тілеймін.

Қазақстанды гүлдендіру жолындағы әр бастамаңыз сәтті болсын!

 

Құрметпен, Теректі ауданының әкімі Арман ӨТЕҒҰЛОВ

 

9

Құрметті мәдениет саласының ардагерлері мен қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Отанымыздың бай әрі көрнекті мәдени құндылықтарын дәріптеп, байыта түскен мәдениет пен өнер – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Көпұлтты мемлекетіміздегі халықтардың өзіндік ерекшелігін паш етіп, дәстүрлі құндылықтарымызды сақтауға ықпал етеді. Мәдениет пен өнерді қолдау – біздің елдің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі.

 

Уважаемые работники и ветераны учреждений культуры района!

От всей души поздравляю  вас  с  профессиональным праздником!

В этот день мы выражаем свои чувства уважения и почитания всем  тем, кто сделал культуру своей профессией. Именно вашим трудом красные дни календаря  и памятные даты становятся по-настоящему праздничными для сотен людей.   Благодаря вашим идеям и кропотливой работе по их воплощению, жители нашего  района живут интересной жизнью, участвуют  в культурных мероприятиях, оставляющих большой след в душе каждого его участника. Ваш труд поддерживает здоровое развитие личности, правильные понятия и любовь к творчеству у молодого поколения.

Выражаю вам благодарность за профессионализм, любовь к прекрасному и стремление привить эту любовь другим.

 

Ардақты мәдениет қызметкерлері!

Теректі ауданы  әрқашан өзінің дарынды тумаларын, бай дәстүрін мақтан тұтады. Ауданның мәдени өміріне жаңа өріс, дем беріп, жарқын істердің ұйытқысы болып биіктен көрінулеріңіз - халыққа рухани нәр берудегі, ұлттық өнерді насихаттаудағы талмай еткен еңбектеріңіздің нәтижесі. Әлемді алаңдатқан пандемия кезінде Сіздер бір күнге де жұмысыңызды тоқтатқан жоқсыздар. Үйде отырған халықтың рухын  көтерген өнерпаз жандар, клуб қызметкерлері, Сіздерге шексіз алғыс білдіремін.

Өнер мен рухани өркендеу жолындағы тың бастамаларыңыз бен жарқын жобаларыңыз сәтті жүзеге ассын!

 

Құрметпен, Теректі ауданының әкімі Арман Өтеғұлов

 

10

Қымбатты оқушылар!

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!

Салтанатты соңғы қоңырау мерекесімен баршаңызды құттықтаймын! Сіздер осы оқу жылын ерекше жүйеде аяқтағалы отырсыздар. Короновирус пандемиясы мектеп өміріне өз әсерін тигізді. Туындаған жағдайға қарамастан, ​ Сіздер барлық қиындықтарды жеңе біліп, одан нәтижемен өттіңіздер.

Биылғы оқу жылын ауданымызда 343 түлек бітіргелі отыр, оның 274-і ҰБТ тапсыруға ниет білдірсе, 28 «Алтын белгі» төсбелгісі ​ және 14​ ерекше аттестат иегерлері бар. Биылғы оқу процесі «Онлайнмектеп» платформасы арқылы жүзеге асырылып, барлық мектеп «BILIM LAND» білім беру порталын қолданды. Қашықтан оқытуды жеңілдету мақсатында білім беру ұйымдары 200 дана компьютер, 164 ноутбукпен толықты. Сонымен қатар, Үкімет резервінен балаларға 250 планшет, 120 компьютер, 980 ноутбук таратылып,​ оқушылардың толық білім алуына мүмкіндік берілді. Бұның бәрі саналы тәрбие мен сапалы білім беру жолындағы игі жұмыстар.

 

Уважаемые учителя, родители, выпускники!

От всей души поздравляю вас с окончанием учебного года!

Пусть молодые выпускники, окончившие школу, будут уверенными в своих шагах в будущее, уверенными в своих начинаниях. Преодоление сложившихся в стране ситуаций и преодоление трудностей, с которыми мы столкнулись в этом учебном году – это большая ответственность и труд. В этом году школу​ заканчивают 343 ученика, 14 из них претендуют на особый аттестат, 28 - на «Алтын белгі». Впереди выпускников ждет большое испытание, испытание на прочность жизнью.

 

Дорогие выпускники!

Для вас этот день стал знаменательным, праздничным, насыщенным, потому что именно в этот день вы покидаете школу, которая стала для вас родным домом, где вы провели свое детство, юношество и где вы преобрели необходимые знания и опыт.

Будущее нашей страны в ваших руках, и я желаю вам всегда быть тем гражданином, который будет стоять на страже страны, неустанно искать пути получения глубоких знаний.

 

Қымбатты түлектер!

Алда ұлттық бірыңғай тестілеудің сынамасы күтіп тұр. Осы сынақта бүгінгі түлектер жоғары деңгейден көрінеді деп үміт артамыз. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында табысты болудың ең іргелі факторы білім екенін, жастардың басымдық беретін бағыттарының қатарында білім қашанда бірінші орында тұратынын, білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететінін» атап көрсеткен болатын. Бар күш-жігерлеріңізді еліміздің жарқын болашағы үшін жұмсайтындарыңызға сенемін!

Ал мектептегі алғашқы оқу жылдарын сәтті аяқтаған бірінші сынып бүлдіршіндері мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы әрі пайдалы өткізіп, жаңа оқу жылына жайдары көңілмен оралуларына тілектеспін!

 

Құрметпен, Теректі ауданы әкімі Арман ӨТЕҒҰЛОВ

 

11

Құрметті теректіліктер!

Елдігіміздің айғағы – Мемлекеттік Рәміздер күнімен құттықтаймын!

Егемендік пен тәуелсіздіктің, халық пен мемлекеттік билік бірлігінің нышандары – Қазақстанның мемлекеттік рәміздері  бүгінде бүкіл әлемге танымал.

Мемлекеттік нышандарды қастерлеу — әрбір қазақстандықтың, болашақ ұрпақтың қасиетті парызы, патриоттығымыз бен Отанға деген құрметіміздің көрсеткіші.

 

Уважаемые теректинцы!

Государственные символы хранят в себе историю,  отражают  нынешние ценности, демонстрируют  планы на будущее страны.

Так пусть во всех уголках планеты гордо реет голубой флаг с золотистым солнцем и парящим силуэтом орла,  а наш гимн  узнает  все мировое сообщество.

Мереке құтты болсын, жерлестер!

С праздником вас!

 

Құрметпен, Теректі ауданы әкімі Арман ӨТЕҒҰЛОВ

 

12

Ардақты ақ халатты абзал жандар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында  бар мүмкіндіктер жасалуда.

Әлемді әбігерге салған коронавирус дертімен күрес кезінде де ақ халатты абзал жандар алдыңғы шепте жүрді. Халықтың дәрігерлерге айтар алғысы шексіз!

 

Уважаемые медицинские работники!

Сегодня Ваш праздник!

У всех медицинских работников и так непростая профессия. Но сейчас она особенно важна и в то же время тяжела. Мир борется с пандемией короновируса, и вы работаете в нечеловеческих условиях, каждый день рискуя своим здрововьем ради жизни другого человека.

Примите самые искренние поздравления и низкий поклон за ваш труд!

Пусть поскорее закончится этот непростой период, а вы из него выйдете, с честью преодолев все трудности и тяготы. Здоровья Вам, удачи и наша благодарность, дорогие медики!

 

Құрметті медицина қызметкерлері!

Әр адам өз өмір жолында  ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді. Бұның бәрін медицина қызметкерлері ғана бере алады. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үкілеген үміттер жалғанады.

Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілеймін!

 

Құрметпен,

Теректі ауданының әкімі Арман Өтеғұлов

 

13

Құрметті мемлекеттік қызметкерлер!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет жоғары мамандандырылған, ұйымдасқан, құқықтық және нәтижелі басқармасы болған жағдайда ғана табысты болып гүлденеді. Мемлекеттік қызметкерлер жұмысының сапасына әлеуметтік және экономикалық өзгерістер, халық өмірінің деңгейі мен жалпыұлттық жобалардың жүзеге асырылуы тәуелді.

Мемлекеттік қызметкердің еңбегі терең біліктілікті, үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді.

Халық Сіздерден адамгершілікті, патриоттық сезімді, заңдылықты бұлжытпай сақтауды күтеді. Сіздердің күш-жігерлеріңіз алдағы уақытта да қазақстандық мемлекеттілікті, демократияны, мемлекет экономикасын дамытуды қалыптастыру мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталатынына сенімдіміз.

Уважаемые государственные служащие!

Вам доверен один из самых сложных, требующий высоких моральных и профессиональных качеств участок — работа с людьми. Именно в госорганы идут граждане для того, чтобы их выслушали, узнали их проблемы  и трудности, защитили их интересы и отстояли законные права.

Дальнейшее успешное развитие нашего региона во многом зависит от вашего высокого профессионализма, самоотверженного труда и верности выбранному делу, патриотизму и активной гражданской позиции. На вас лежит большая ответственность за реализацию государственных программ, направленных на улучшение благосостояния всех теректинцев.

Поздравляю вас с профессиональным праздником и благодарю за труд! Желаю вам крепкого здоровья, семейного благополучия и профессионального роста!

Мемлекеттік қызметкерлер!

Қызметтеріңіз бен мемлекеттік қызметке деген адалдық үшін алғыс білдіремін!

Сіздерге Қазақстан халқына қызмет ету сияқты мәртебелі істе табыс, жақсылық пен бейбітшілік, отбасыларыңызға берекелі амандық тілеймін.

Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігіне жасалған барлық бастамаларыңыз жемісті болсын!

 

Құрметпен, Теректі ауданының әкімі Арман ӨТЕҒҰЛОВ

 

14

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күні мерекесімен құттықтаймын!

Тәуелсіздігіміздің айғағы, береке-бірлік ұйытқысы, жасампаздықтың жаңғырығы Елордамыз - елдігіміздің бойтұмарына айналды.

Бас қаламыздың басты байлығы – өлкесіне ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын, оның жан-жақты дамуына аянбай еңбек етіп жүрген жандар!

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы заман талабына келбеті күн санап келіскен, қазақтығымызды әлемге паш ететін өркениетті орда.​

 

Уважаемые земляки!

Являясь инициатором идеи основания столицы, лидер Нации Н.А.Назарбаев заложил в образе Нұр-Сұлтан глубокий политический и духовный смысл, создав уникальный евразийский феномен. Наша столица стала узнаваемой в плеяде мировых столиц мира.

Сегодня Нұр-Сұлтан – центр всей экономической и культурной жизни Казахстана и​ каждым годом укрепляет статус евразийского центра делового и политического сотрудничества с мировым сообществом.

 

Ардақты ағайын!

Жыл өткен сайын мәртебесі асып, салтанаты шалқыған бас қаламыздың туған күні мерекесі құтты болсын. Мықты денсаулық, баянды бақыт, бейбітшілік пен молшылық тілеймін! Ел бірлігі мен тыныштығымыз берік болсын!

 

Құрметпен,

Теректі ауданының әкімі Арман Кәрімұлы ӨТЕҒҰЛОВ

 

15

Құрметті теректіліктер!

Қадірменді спорт саласы ардагерлері мен спортшылар!

Тән мен жанды шынықтыру қазақтың қанында бар қасиет. Ұлды күреске салып, қызын атқа мінгізген қазақ  шыныққан ұрпақтың  рухы өр боларын білген.

Сол дәстүр-қалыптан ажырамаған Теректіде  халықтың спортпен   айналысуы үшін жағдай жасалып жатыр. Соңғы екі-үш жыл ішінде ауылдарда жасанды жабынды спорт алаңдарын салу қолға алынды.

Күні кеше  сондай алаң Приречный және Новопавлов ауылында ашылды. Подстепный ауылында үлкен спорт кешені пайдалануға берілді.

Спорт тек қана денені шынықтырмайды. Спорт рухани шынығу көзі. Спортпен «чемпион боламын» деп айналысу міндет емес. Спортпен шұғылдану үшін әнедей бір мықты спорт залы немесе әйгілі фирманың спорттық киімі қажет емес. Бастысы – ынта.  Денсаулық үшін, өрлік пен бірбеткейлікті қалыптастыру үшін айналысу керек.

Бүгінде Теректі ауданында шамамен 12 мың адам спорттың әр түрімен белсенді шұғылданады екен. Ендеше,  барша теректіліктерді Спорт күнімен құттықтаймын.

Жеңісті күндеріміз көп болсын!

 

Құрметпен, Теректі ауданы әкімі Арман Өтеғұлов

 

16

Құрметті теректіліктер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

30 тамыз – қазақстандықтар үшін еліміздің болашағын айқындаған тарихи күн.

Бүгінде біз әлемдік аренада дамудың даңғыл жолына бастар үлкен әлеуетін сәтті пайдаланып отырған құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде танылдық. Әлемдік озық тәжірибені, тарихи және ұлттық дәстүрлерді арқау еткен  Ата заң азаматтарымыздың мүддесіне қызмет етіп, елімізді одан әрі дамытуға септігін тигізе береді

 

Уважаемые земляки!

Поздравляю вас с одним из самых значимых для нашей страны праздником – Днем Конституции!

Она отражает исконное стремление нашего народа жить в свободном и справедливом обществе, сохранять государственное единство. Провозгласив фундаментальные принципы развития единого народа Казахстана, Главный Закон нашей страны выдержал испытание временем и доказал свою жинеспособность. Благодаря этому, наша страна сегодня занимает достойное место в международном сообществе. Наша Конституция всегда будет гарантом прав и свобод граждан, залогом поступательного развития и повышения благосостояния народа.

Мы должны своим трудом и активным участием в жизни общества сохранить то, что создано многими предыдущими поколениями! Желаю вам и вашим семьям мира и согласия, здоровья, успехов и процветания!

 

Қымбатты ағайын!

Қазақстанның гүлденуіне, Теректі ауданының дамуына өз үлесін қосып, маңдай терін төгіп  жүрген баршаңызға өз ризашылығымды білдіремін!

Әр шаңырақ құт-береке, ырыс пен ынтымаққа толсын.

Еліміз аман, келешегіміз кемел болсын!

 

Ізгі тілекпен,

аудан әкімі Арман Өтеғұлов

 

17

Қымбатты ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!

Сіздерді Білім күнімен  құттықтаймын!

1 қыркүйек – әр адамның көкейінде жақсы естелік қалдыратын, жарқын да, жылы сезімдерге толы ерекше күн. Бұл күн әрбір өркениетті адам үшін жаңа білім, жаңа табыс, жаңа жетістіктерге жету бастамасы. Білім беруді дамыту мәселесі қоғам мен мемлекетті өркендету саясаты болып табылады.

Әлемді жайлаған коронавирус індетіне байланысты өткен оқу жылы оңай болмағаны анық. Осындай күрделі кезеңде білім беру үрдісінің үзіліссіз болуын қамтамасыз еткен барша ата-аналар, мұғалімдер қауымына алғыс білдіремін. Індеттен халқымыз аман шығып, елімізде тыныштық орнауын тілеймін.

 

Дорогие школьники, родители и учителя!

Поздравляю Вас с Днем знаний!

Впереди у школьников месяцы серьезной учебы, успехов и забот. Набирайтесь опыта и знаний, учитесь своим трудом и талантом приносить максимальную пользу.

Особых поздравлений заслуживают в этот день первоклассники. Для них прозвенит первый школьный звонок и с этого дня начинается дорога в школьный мир, мир открытий и познаний.

Для старшеклассников-выпускников начнется год, который станет для них определяющим в выборе профессии и дальнейшего жизненного пути.

Это волнительный, праздничный день и для всех педагогов – людей особой и в высшей степени востребованной профессии. Именно Вы встречаете своих учеников и воспитанников на пороге учебных заведений. Успехов Вам в нелегком, но благородном труде, терпения, чуткости и любви к детям.

 

Ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар!

Сіздерге жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!

Жаңа оқу жылында толағай жетістіктерге жетіп, білімнің биік шыңын бағындыра берулеріңізге тілектеспін.

 

Құрметпен, аудан әкімі Арман ӨТЕҒҰЛОВ

 

 

Дата публикации
30 сентября 2021
Дата обновления
30 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
СОСТАВ ТЕРРИТОРИАЛЬНОЙ ИЗБИРАТЕЛЬНОЙ КОМИССИИ ТЕРЕКТИНСКОГО РАЙОНА
17 октября 2026
Избирательные участки на территории Теректинского района
17 октября 2026
Места для размещения агитационных печатных материалов

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы