Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 08 шілде күні Ақжайық, Ақсуат, Подстепное және Приречный ауылдық округтері әкімдерінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
Ақжайық ауылдық округіне:
- Кадыралиев Болат Александрович, 1975 жылы туылған, Теректі ауданы, Ақжайық ауылдық округінің әкімі, Теректі ауданы Ақжайық ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық филиалы ұсынды.
Ақсуат ауылдық округіне:
- Ахметов Жаннур Бекбауович, 1986 жылы туылған, Теректі ауданы, Подстепное ауылдық округінің бас маманы, Орал қаласында тұрады, «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық филиалы ұсынды.
Подстепное ауылдық округіне:
- Мадиев Сержан Салембаевич, 1977 жылы туылған, Теректі ауданы, Подстепное ауылдық округінің әкімі, Орал қаласында тұрады, «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық филиалы ұсынды.
Приречный ауылдық округіне:
- Жаксыбеков Мейрамбек Жаксыбекович, 1976 жылы туылған, Теректі ауданы, Приречный ауылдық округінің әкімі, Теректі ауданы Приречный ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық филиалы ұсынды.
Б.Кенжегулов,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы