Қазақстан Республикасының «Қазақстан республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес 2021 жылғы 4 шілде күні өзін-өзі ұсынумен: Ақсуат ауылдық округі әкіміне кандидат Сагидоллин Арман Рахметоллаевич, Подстепное ауылдық округі әкіміне кандидат Галиев Руслан Маратович және Приречный ауылдық округі әкіміне кандидат Ибатов Саржан Турмагамбетович аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды.
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақсуат, Подстепное және Приречный ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкестігін анықтайтын болады.
Б.Кенжегулов,
Теректі аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы