Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық тыңдау өтетіндігі туралы хабарландыру

"Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында "QazAvtoJol "ҰК" АҚ республикалық маңызы бар автомобиль жолдары учаскелерінде зияткерлік көлік жүйесі элементтерімен ақы алу жүйесін енгізу бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді:

- Орал-Каменка - РФ шекарасы (Озинки қаласына) км 4-104;

- РФ шекарасы (Самараға) – Шымкент, Орал – Самара учаскелері 251-195 км және Орал – Ақтөбе 261-526 км.

Ағымдағы жылы тестілік режимде өндіріп алу жүйесін іске қосу жоспарлануда. Аталған учаскелерде ақы алудың ашық жүйесі бар көлік құралдары үшін ақылылықты енгізу көзделген.

Қоғамдық тыңдауда ақы алу жүйесінің жұмыс қағидаты, ақы төлеу тәсілдері және Қазақстан Республикасының ақылы автомобиль жолдары саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормалары түсіндірілетін болады.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу күні, уақыты және орны:

Теректі ауданы

25.11.2020 жыл сағат 15: 00, БҚО, Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Сұңқар көшесі № 20 (Теректі ауданының әкімдігі).

Жергілікті атқарушы органның атауы және қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға жауапты адамның байланыс деректері:

Теректі ауданы

"Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ. Теректі ауданы әкімінің орынбасары Е.Н. Досмаков

Ескертулер мен ұсыныстар қабылданатын электрондық пошта мекенжайы:

"ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ "Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы" филиалы

dpad@qaj.kz

Инвестор: "Computer Vision Technologies" ЖШС

info@cvtech.kz

Жоба бойынша құжаттама орналастырылған интернет-ресурстың мекенжайы:

"ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ "Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы" филиалы

QAJ.kz

Жоба материалдарымен қағаз түрінде танысуға болатын орын мекенжайы: Орал қаласы, Ихсанов көшесі 44/1 (2 қабат), "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ БҚОФ, СБжҚҚ бөлімі.

Тапсырыс берушінің атауы және байланыс деректері: "ҚазАвтоЖол" ҰК "АҚ "Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы" филиалы, Нұр-сұлтан қаласы, Д.Қонаев көшесі, 10-үй, "Эмеральд-Тауэр", 33-қабат. тел. 8 717 2 64 87 87.

Ескертулер мен ұсыныстар қабылданатын интернет-ресурстың немесе электрондық поштаның мекенжайы: dpad@qaj.kz, uralsk.dorogi@mail.ru.

Құжаттаманы әзірлеушінің атауы және байланыс деректері:

Жобалаушы: "НИ и ПК Каздоринновация" ЖШС директоры Асматуллаев Р. Б.

Әзірлеуші: Филатов Д.

Инвестор: "Computer Vision Technologies" ЖШС Басқарма төрағасы З.А. Майтеков.

Тыңдауға жергілікті атқарушы органдардың, бизнес-қоғамдастықтардың, БАҚ, аудан орталықтарының өкілдері, тұрғындар және барлық мүдделі тұлғалар шақырылады.

Дата публикации
11 ноября 2020
Дата обновления
11 ноября 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

17 октября 2026
ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
17 октября 2026
Теректі ауданы аумағындағы сайлау учаскелері
17 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы