ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Теректі ауылы №31 2026 жылғы 18 маусым
2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданының Шағатай ауылдық округі әкімінің
сайлауына байланысты Шағатай ауылдық округі әкімі лауазымына
кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- 2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Шағатай ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылғы 26 маусым күні сағат 11-00-де Шағатай ауылдық мәдениет үйі ғимаратында (келісім бойынша) кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
- 2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Шағатай ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітілсін (1-қосымша).
- Осы шешім Шағатай ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
- Осы шешім Теректі ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында жариялансын.
- Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Д.Мендыбаевке жүктелсін.
- Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға А.Бисенгалиев