ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ШАҒАТАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5 бабына сәйкес 2026 жылғы 14 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Шағатай ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталатынын хабарлайды:
Теректі ауданы Шағатай сайлау округі бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, 3-уі өзін-өзі ұсынғандар.
Ағымдағы жылғы 12 маусым жағдайы бойынша 3 кандидат тіркелді (100%).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат 2026 жылғы 15 маусымдағы №25 аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси газетінде жарияланатынын хабарлайды.
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы