ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ХАБАРЛАМАСЫ
Үлгілік біліктік талаптары:
Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.12.2024 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Саяси партиядан ұсынылған кандидаттың жинақтайтын құжаттары
- Саяси партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжаты;
- Саяси партияның тиісті филиалы жоғары басшы органының ауылдық округ әкіміне кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
- Саяси партияның уәкілетті органға тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
- Азаматтың әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші
- Кандидат туралы өмірбаяндық деректері;
- Жеке басты куәландыратын құжат және паспорт (бар болса);
- Уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен куәландырылған партиялық билеттің көшірмесі немесе саяси партияға мүшелігін растайтын құжат;
- Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) (ағымдағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамалары;
- Саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат (банктен түбіртек, 85000 теңге)
- Сауалнама;
- Өмірбаян;
- Нотауриспен куәландырылған Білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері (нотауриспен куәландырылған). "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;
- Еңбек кітапшасы;
- 3х4-фото - 4 дана;
- Неке туралы куәлік көшірмесі, отбасында тегін ауыстырғандар болған жағдайда;
- Жақын туыстарының қайтыс болу туралы куәліктің көшірмелері (егер ондай жақын туыстары болған жағдайда).
Өзін-өзі ұсынған кандидаттың жинақтайтын құжаттары
- Азаматтың әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;
- Кандидат туралы өмірбаяндық деректері;
- Жеке басты куәландыратын құжат және паспорт (бар болса);
- Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) (ағымдағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамалары;
- Кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат (банктен түбіртек, 85000 теңге);
- Сауалнама;
- Өмірбаян;
- Нотариуспен куәландырылған Білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері. "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;
- Еңбек кітапшасы;
- 3х4-фото 4 дана;
- Неке туралы куәлік көшірмесі, отбасында тегін ауыстырғандар болған жағдайда;
- Әкімдікке кандидатты қолдап қол жинау парағы (тиісті сайлау округінің дауыс беруге құқығы бар сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайыз даусымен қолдау табуға тиіс);
- Жақын туыстарының қайтыс болу туралы куәліктерінің көшірмелері (егер ондай жақын туыстары болған жағдайда).
Н.Кәдірғалиев,
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы